Күші жойылған нормативтік құқықтық актілер туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Төрағасының м.а. 2009 жылғы 8 шілдедегі N 54-п бұйрығы.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Заңының 27-бабының43-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Төрағасының келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) Мұнай, газ, конденсат және ілеспе компоненттер қорларын есептеуге геология-геофизикалық материалдарының көлемін және мазмұнын мемлекеттік сараптамаға ұсыну талабын бекіту туралы 2007 жылғы 11 мамырдағы N 53-п бұйрығы;
      2) "Қазақстан Республикасындағы арнайы суды пайдалану бойынша лицензияланған қызмет түрлері бойынша құжаттарды рәсімдеу және есепке алу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2004 жылғы 03 желтоқсандағы N 162 бұйрығы;
      3) Мемлекеттік сараптамаға ұсынылатын кенбайлықтарын барлау және (немесе) өндірумен байланысты емес жер асты ғимараттарының құрылысы мен пайдалануына жарамды жер қойнауы учаскелері жайындағы геологиялық ақпаратқа қойылатын талаптар туралы Нұсқаулықты бекіту туралы 2004 жылғы 13 тамыздағы N 127-п бұйрығы;
      4) Қатты пайдалы кенбайлық орындарын алдын-ала геологиялық-экономикалық бағалау жөніндегі материалдарды мемлекеттік сарапнамаға ұсынуда қойылатын талаптар туралы Нұсқауды бекіту туралы 2004 жылғы 13 тамыздағы N 125-п бұйрығы;
      5) Жер асты суларының (ауыз су, техникалық, минералды, өнеркәсіптік және жылу энергетикалық) пайдаланылатын қорларын қайта бағалау материалдарын мемлекеттік сарапнамаға ұсынуда қойылатын талаптар туралы Нұсқауды бекіту туралы 2004 жылғы 13 тамыздағы N 124-п бұйрығы;
      6) Алдын-ала мемлекеттік сарапнамаға ұсынылатын қатты пайдалы кенбайлық қорларын есептеу жөніндегі материалдарға қойылатын талаптар туралы Нұсқауды бекіту туралы 2004 жылғы 13 тамыздағы N 126-п бұйрығы;
      7) Қазақстан Республикасы жер қойнауын геологиялық зерттеу туралы есепнамаларды рәсімдеу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 64-п бұйрығы.
      2. Осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне және арнайы баспаларға жіберілсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасының орынбасары Е.Ғ. Кәрібаевқа жүктелсін.

      Төраға міндетін атқарушы                     М.Сайдуақасов

О нормативных правовых актах, утративших силу

Приказ и.о. Председателя Комитета геологии и недропользования Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан от 8 июля 2009 года № 54-п

      В соответствии с пунктом 1-1 статьи 27, статьи 43-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившими силу следующие приказы Председателя Комитета геологии и охраны недр Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан:
      1) от 11 мая 2007 года № 53-п "Об утверждении Требований к содержанию и объему геолого-геофизических материалов по подсчету запасов нефти, газа, конденсата и попутных компонентов, представляемых на государственную экспертизу";
      2) от 3 декабря 2004 года № 162-п "Об утверждении Инструкции об оформлении и учете документов по лицензированию видов деятельности по специальному водопользованию в Республике Казахстан";
      3) от 13 августа 2004 года № 127-п "Об утверждении Инструкции о требованиях к геологической информации об участках недр, пригодных для строительства и эксплуатации подземных сооружений, не связанных с разведкой и (или) добычей полезных ископаемых, представляемой на государственную экспертизу";
      4) от 13 августа 2004 года № 125-п "Об утверждении Инструкции о требованиях к представляемым на государственную экспертизу материалам по предварительной геолого-экономической оценке месторождений твердых полезных ископаемых";
      5) от 13 августа 2004 года № 124-п "Об утверждении Инструкции о требованиях к представляемым на государственную экспертизу материалам переоценки эксплуатационных запасов подземных вод (питьевых, технических, минеральных, промышленных и теплоэнергетических)";
      6) от 13 августа 2004 года № 126-п "Об утверждении Инструкции о требованиях к материалам по подсчету запасов твердых полезных ископаемых, представляемым на государственную предварительную экспертизу";
      7) от 21 апреля 2004 года № 69-п "Об утверждении Инструкцию по оформлению отчетов о геологическом изучении недр Республики Казахстан".
      2. Направить копию настоящего приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан и официальные печатные издания.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Заместителя Председателя Комитета Е.Г. Карибаева.

      И.о. Председателя Комитета                 М.А. Сайдуакасов