"Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда оқу үдерісін ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту және қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 46 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 202 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 808 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 19 қазандағы № 488 бірлескен бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда оқу үдерісін ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту және қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2000 жылғы 1 наурыздағы № 46 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 202 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 маусымда № 1172 болып тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі кол қойылған күнінен бастап бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін және бұдан бұрын ол жарияланған ресми басылымды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі                Білім және ғылым министрі
      Ә. Жақсыбеков                    Б. Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады