Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 27 мамырдағы № 297 "Бал арасы шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 08-3/617 бұйрығы

       Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Бал арасы шаруашылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2003 жылғы 27 мамырдағы № 297 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2374 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      2. Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаментіне (Р.Ә.Тоқсеитова) осы бұйрық күшіне енген күнінен бастап апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бұйрықтың көшірмесі жіберілсін және мерзімдік баспа басылымдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығын дамыту және ветеринариялық қауіпсіздік департаментіне (Р.Ә.Тоқсеитова) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2012 жылдың 30 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр       А. Мамытбеков

О признании утратившим силу приказа Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 мая 2003 года № 297 "Об утверждении нормативных правовых актов в области пчеловодства"

Приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 28 октября 2011 года № 08-3/617

      В соответствии со статьей 21-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившим силу приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 мая 2003 года № 297 «Об утверждении нормативных правовых актов в области пчеловодства» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2374).
      2. Департаменту развития животноводства и ветеринарной безопасности (Токсеитова Р.А.) в недельный срок со дня вступления в силу настоящего приказа направить копию приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан и обеспечить его официальное опубликование в периодических печатных изданиях.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на Департамент развития животноводства и ветеринарной безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (Токсеитова Р.А.).
      4. Настоящий приказ вводится в действие с 30 января 2012 года.

      Министр                                    А. Мамытбеков