Бұйрықтың күші жойылды деп тану, сондай-ақ Байланыс және ақпарат министрі бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 29 қыркүйектегі № 650 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 348 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6716 тіркелген).
      2. «Қазақстан Республикасының Негізгі куәландырушы орталығы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы туралы» Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 223 бұйрығының күші жойылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне хабарласын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық «Куәландырушы орталықпен электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы, негізгі куәландырушы орталық, ұлттық куәландырушы орталықтарымен электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің пайдаланыстағы тиесілілігін және жарамдылығы» қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қолданысқа енгізілгеннен кейін күшіне енеді.

      Министр                                           А. Жұмағалиев

О признании утратившим силу и об отмене некоторых приказов Министра связи и информации Республики Казахстан

Приказ Министра транспорта и коммуникации Республики Казахстан от 29 сентября 2012 года № 650

      В соответствии со статьями 40 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах», 8 Закона Республики Казахстан от 27 ноября 2000 года «Об административных процедурах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившим силу приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 10 декабря 2010 года № 348 «Об утверждении Правил деятельности Корневого удостоверяющего центра Республики Казахстан, Удостоверяющего центра государственных органов Республики Казахстан и Национального удостоверяющего центра Республики Казахстан» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 6716).
      2. Отменить приказ Министра связи и информации Республики Казахстан от 7 сентября 2010 года № 223 «О Корневом удостоверяющем центре Республики Казахстан, Удостоверяющем центре государственных органов Республики Казахстан и Национальном удостоверяющем центре Республики Казахстан».
      3. Департаменту государственной политики в сфере информационных технологий Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Елеусизова К.Б.) в установленном законодательством порядке довести настоящий приказ до сведения Министерства юстиции Республики Казахстан и обеспечить его официальное опубликование.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан Сарсенова С. С.
      5. Настоящий приказ вводится в действие со дня введения в действие постановления Правительства Республики Казахстан «Об утверждении Правил выдачи, хранения, отзыва регистрационных свидетельств и подтверждения принадлежности и действительности открытого ключа электронной цифровой подписи корневым удостоверяющим центром Республики Казахстан, удостоверяющим центром государственных органов и национальным удостоверяющим центром Республики Казахстан».

      Министр                                    А. Жумагалиев