"Қазақстан Республикасының қалалары мен аудан орталықтарында объектілерді сумен жабдықтау және су бөлу жүйелеріне қосу үшін техникалық шарттарды беру және келісу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитетінің 1997 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 9 қазандағы № 520 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының қалалары мен аудан орталықтарында
объектілерді сумен жабдықтау және су бөлу жүйелеріне қосу үшін техникалық шарттарды беру және келісу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөніндегі комитетінің 1997 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1998 жылғы 25 ақпандағы № 475 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Коммуналдық шаруашылық департаменті осы бұйрықты Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінен алып тастау үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     С.Нокин

О признании утратившим силу приказа Комитета по жилищной и строительной политике Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан от 30 декабря 1997 года Инструкция "О порядке выдачи и согласования технических условий на подключение объектов к системам водоснабжения и водоотведения в городах и районных центрах Республики Казахстан"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 9 октября 2012 года № 520

      В соответствии с пунктом 2 статьи 21-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах» и пунктом 4 Правил проведения правового мониторинга нормативных правовых актов, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2011 года № 964, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившим силу приказа Комитета по жилищной и строительной политике Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан от 30 декабря 1997 года Инструкция «О порядке выдачи и согласования технических условий на подключение объектов к системам водоснабжения и водоотведения в городах и районных центрах Республики Казахстан» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 25 февраля 1998 года № 475).
      2. Департаменту коммунального хозяйства Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства направить настоящий приказ в Министерство юстиции Республики Казахстан для исключения из реестра государственной регистрации нормативных правовых актов.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Председатель                               С. Нокин