Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 06-7/190 бұйрығы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет персоналын басқару бөлімі (Ж.Ш. Сәрсенов) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап бір апта мерзімінде бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін және заңда белгіленген тәртіппен оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                          А.Байменов

      Қазақстан Республикасы       
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 06-7/190 бұйрығына         
ҚОСЫМША                

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығын іске асырудың кейбір іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы № 02-01-02/48 «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 наурызда № 4152 тіркелген, 2006 жылғы 11 сәуірінде № 79 (24332) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      2) «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығын іске асырудың кейбір іс-шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы № 02-01-02/48 бұйрығына өзгерту мен толықтыруды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007 жылғы 4 қаңтардағы № 02-01-02/01 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 26 қаңтарда № 4533 тіркелген);
      3) «Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне алу мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы № 02-01-02/49 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 29 наурызда № 4153 тіркелген, 2006 жылғы 11 сәуірінде № 79 (24332) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      4) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттырудың аумақтық орталықтарында, өзге білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2011 жылғы 17 мамырдағы № 02-01-02/96 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 13 маусымда № 7007 тіркелген, 2011 жылғы 2 шілдесінде № 281-284 (26678), «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      5) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/34 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 20 наурызда № 8382 тіркелген, 2013 жылғы 24 сәуірінде «Әділет» АҚЖ-де жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады