Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 107-384 қаулысы

      Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың:
      1) «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2014 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 наурыздағы № 107-357 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 4 сәуірде № 805 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 39 (3096) «Астана ақшамы», 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 38 (3114) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).
      2) «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2014 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 6 наурыздағы № 107-357 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 107-1890 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 866 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 желтоқсандағы № 147 (3204) «Астана ақшамы», 2014 жылғы 27 желтоқсандағы № 146 (3222) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      Әкім                                           Ә. Жақсыбеков

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата города Астаны

Постановление акимата города Астаны от 20 марта 2015 года № 107-384

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах», от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившими силу:
      1) постановление акимата города Астаны от 6 марта 2014 года № 107-357 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2014 год в дошкольных организациях города Астаны» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 4 апреля 2014 года № 805, опубликовано в газетах «Астана акшамы» от 10 апреля 2014 года № 39 (3096), «Вечерняя Астана» от 10 апреля 2014 года № 38 (3114);
      2) постановление акимата города Астаны от 13 ноября 2014 года № 107-1890 «О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 6 марта 2014 года № 107-357 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера подушевого финансирования и родительской платы в расчете на одного воспитанника на 2014 год в дошкольных организациях города Астаны» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 23 декабря 2014 года № 866, опубликовано в газетах «Астана акшамы» от 27 декабря 2014 года № 147 (3204), «Вечерняя Астана» от 27 декабря 2014 года № 146 (3222).
      2. Руководителю Государственного учреждения «Управление образования города Астаны» принять необходимые меры, вытекающие из настоящего постановления.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Аманшаева Е.А.

      Аким                                       А. Джаксыбеков