Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 12 мамырдағы № 340 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) «Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдық трансферттердің есебінен ұрпақты болу жасындағы әйелдерді алдын алу медициналық тексеруін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 қаңтардағы № 16 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3425 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., № 9-13, 28-құжат);
      2) «Әкелінетін (әкетілетін) тіндердің және (немесе) ағзалардың (ағзалар) бөліктерінің), қанның және оның компоненттерінің биологиялық қауіпсіздігі туралы қорытынды беру ережесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 693 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5894 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған, 2010 жыл № 1);
      3) «Денсаулық сақтау жүйесі біліктілігінің салалық негіздемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 772 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9149 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күш жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаменті осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                             Т.Дүйсенова

О признании утратившими силу некоторых приказов

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 12 мая 2015 года № 340

      В целях реализации пункта 1 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившими силу:
      1) приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 11 января 2005 года № 16 «Об утверждении Правил проведения профилактических медицинских осмотров женщин репродуктивного возраста за счет целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 3425, опубликован в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан, 2005 г., № 9-13, ст. 28);
      2) приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 12 ноября 2009 года № 693 «Об установлении Правил выдачи заключения по биологической безопасности ввозимых (вывозимых) тканей и (или) органов (части органов), крови и ее компонентов» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 5894, опубликован в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 1, 2010 года);
      3) приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 772 «Об утверждении Отраслевой рамки квалификаций системы здравоохранения» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан за № 9149, опубликован 23 мая 2014 года в Информационно-правовой системе «Әділет»).
      2. Департаменту юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан направить копию настоящего приказа в Министерство юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня его подписания.

      Министр                                    Т. Дуйсенова