Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 1207 бұйрығы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 62-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.

      2. Құрылымдық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және аумақтық әділет органдарының басшылары Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында көзделген іс-шараларды уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етсін.

      3. Стратегиялық жоспарлау департаменті осы бұйрық қабылданғаннан кейін он күнтізбелік күні ішінде Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________Т. Сүлейменов

      20 жылғы "___"_____________

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________Б. Сұлтанов

      20 жылғы "___"___________

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2016 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1207 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған
стратегиялық жоспары

      Ескерту. Стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Әділет министрінің 18.03.2017 № 282; 25.05.2018 № 790; 27.11.2018 № 1558 бұйрықтарымен.

1-бөлім. Миссиясы және ұстанымы

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) миссиясы: өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету.

      Министрліктің ұстанымы: құқықтық мемлекеттің стандарттарына және қағидаттарына сәйкес тиімді құқықпен қорғаумен қамтамасыз етілген дамыған азаматтық қоғам.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау және тәуекелдерді басқару

      Ескерту. 2-бөлім жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 27.11.2018 № 1558 бұйрығымен.

      1-стратегиялық бағыт. Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету.

      Ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу саласы

      1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

      "Әділет органдары туралы" Заңға сәйкес әдiлет органдарының мiндеттерi жалпы мемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын жүргiзу, заңнаманы талдау, жетiлдiру, жүйелеу, нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларына заң сараптамасын жүргiзу арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдiгiн, Қазақстан Республикасының егемендiгiн, Қазақстан қоғамы мен мемлекетiнiң тұрақты және қарышты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу болып табылады.

      Қазақстанда орта есеппен жылына 61 заң жобасы әзірленуде. 2015 жылмен 2017 жылы кезеңі аралығында 184 заң жобасы әзірленген, оның ішінде 2015 жылы - 83, 2016 жылы - 37, 2017 жылы - 64.

      Заңнамалық актілер жобаларын дайындаудың ұзақ мерзімді жоспарлау мақсатында Министрлік Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын әзірлейді. Аталған жоспар Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті шақырылымы кезеңіне қабылданады және шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті сессияларының бөлігінде заңнамалық актілер жобаларын дайындау көзделіп отырған заңнаманың салаларын (аясын) көрсетеді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы № 610 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Парламентінің бесінші шақырылымы кезеңіне арналған Заң шығару жұмысының 2013-2016 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары толық іске асырылған.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 қыркүйектегі № 314 Жарлығымен заңнаманың жетілдіруді талап ететін 34 саласын (аясын) көздейтін Заң шығару жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспары бекітілген (Парламенттің алтыншы шақырылымы жұмысы кезеңіне).

      Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі бір жылға жасалатын заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларын бекітеді.

      Заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларына сәйкес 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде 70 заң жобасы әзірленген (2015 жылы - 30, 2016 жылы - 18, 2017 жылы - 22). 2018 жылы Заң жобалау жұмыстарының жоспарында 18 заң жобасын әзірлеу көзделген.

      Соңғы жылдар ішінде заң жобалау жұмыстарының барлық ағымдағы жоспарларының 100%-ға орындалуы маңызды факт болып табылады.

      Бұдан басқа, жыл сайын мемлекеттік органдар жоспардан тыс заң жобаларын әзірлейді. Мәселен, 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі аралығында 104 жоспардан тыс (2015 жылы - 53, 2016 жылы - 14, 2017 жылы - 37) заң жобасы әзірленді.

      Министрлік жыл сайын орта есеппен 6-8 заң жобасын әзірлейді. Мәселен, соңғы 6 жылда 2012 -2017 жылдар аралығында Министрлік 43 заң жобасын әзірледі. Министрлік оның айрықша құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әзірленген заң жобаларынан басқа, Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмасы бойынша Кәсіпкерлік кодексінің, "Төрелік туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту және төрелік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын әзірледі.

      Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес уәкілетті органдар Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобаларын әзірлеу жағдайларын қоспағанда, заң жобасын әзірлеуді бастамас бұрын оның тұжырымдамасын әзірлейді.

      Аталған тұжырымдамаларды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі ВАК) отырысында қарау заңнаманың міндетті талабы болып табылады.

      Министрлік заң жобалау қызметінің үйлестірушісі ретінде ВАК-тың жұмыс органы болып табылады.

      2017 жылы ВАК мүшелерінің жалпы саны 42 адамды құраған, оның 39%-ы үкіметтік емес сектордың өкілдері (2014 және 2015 жылдарда - 35%, 2016 жылы - 39%).Үкіметтік емес сектордан ВАК мүшелерінің құрамына "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Кәсіпкерлер форумының, Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының және т.б. өкілдері кіреді.

      Мемлекетте жүргізіліп жатқан саясатқа сәйкес нормативтік құқықтық актілер жобаларының сапасын бағалаудың халықаралық стандарттарына негізделген заң шығарудың тиімді тетіктерін енгізу көзделген.

      Мәселен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша осы актілерде реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, экономикалық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.

      Ғылыми сараптама жобаның сапасын, негiздiлiгiн, уақтылығын, құқыққа сыйымдылығын, жобада Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген адам және азамат құқықтарының сақталуын бағалау, нормативтік құқықтық актiнiң ықтимал тиiмдiлiгiн айқындау, жобаның нормативтiк құқықтық акт ретiнде қабылдануының ықтимал терiс салдарын анықтау мақсатында жүргізіледі.

      Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізілмеуге болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізуі міндетті.

      Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптаманы ғылыми мекемелер және тиісті бейіні бар жоғары оқу мекемелер, ғалымдар мен мамандар қатарынан тартылатын сарапшылар жүргізетіндіктен, Министрлікке ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін мұндай ұйымдарды және/немесе сарапшыларды тартуға жыл сайынғы негізде бюджеттік қаражат бөлінеді.

      Жыл сайын заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жоспарларына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентіне орташа есеппен 32 заң жобасы енізіледі(2015 жылы - 35, 2016 жылы - 18, 2017 жылы - 22). Бұдан басқа, бұрын атап өткендей жыл сайын жоспардан тыс заң жобалары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен жоспардан тыс заң жобалары әзірленеді (2015 жылы - 53, 2016 жылы - 19, 2017 жылы - 42). Аталған барлық заң жобаларына ғылыми ұйымдар ғылыми құқықтық сараптама жүргізеді.

      Бұрын заңнамада заң жобаларының тұжырымдамаларына да ғылыми құқықтық сараптама жүргізу қажеттігі көзделген болатын, бірақ "Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 497 қаулысымен тұжырымдамаларға ғылыми құқықтық сараптама жүргізу алып тасталды.

      Заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама және ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді ұйымдастыру Министрлікке жүктеледі.

      Қазақстан Республикасының Заңнама институты әзірлеуші органдар әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заңнамалық актілердің жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып табылады.

      2015 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының Заңнама институтына лингвистикалық сараптамаға 856 заң мен халықаралық шарт жобасы (2015 жылы- 338, 2016 жылы- 237), 2017 жылы лингвистикалық сараптамаға 281 заң мен халықаралық шарт жобасы келіп түсті.

      Әділет органдарының заң жобалау жұмысын жүргізу және заңнаманы жетілдіру саласындағы функциялары шеңберінде Министрлік мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.

      Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі нормативтік құқықтық актілердің техникалық кемшіліктерін анықтаудан (ескірген, қайталанатын, сыбайлас жемқорлықты тудыратын нормалар және т.б.) құқық қолдану практика негізінде салдардың бағалауын қамтитын оның тиімділігін талдауға қайта бағдарланған. Мұндай тәсіл жалпы заңнаманы жетілдіруге және өзгертілетін сыртқы және ішкі факторлар жағдайында оның дамуының түрлерін болжауға мүмкіндік береді.

      2015 жылдан бастап 2017 жылға дейінгі кезеңде мемлекеттік органдар 806 заңнамалық актіге (2015 жылы - 281, 2016 жылы- 260, 2017 жылы- 265), Үкіметтің 2117 нормативтік құқықтық қаулысына (2015 жылы - 946, 2016 жылы - 606, 2017 жылы- 565), министрлердің және орталық мемлекеттік органдардың басқа да басшыларының бұйрықтарына, орталық меморгандардың нормативтік құқықтық қаулыларына, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларына - 9249 (2015 жылы - 2759, 2016 жылы - 3039,2017 жылы - 3451)және аумақтық әділет органдары тіркеген 33132 нормативтік құқықтық актіге (2015 жылы -10 242, 2016 жылы - 12065,2017 жылы- 10825) құқықтық мониторинг жүргізді.

      Мемлекеттік органдардың құқықтық мониторингті жүргізу тәртібін біркелкі түсінуі үшін Министрлік мынадай:

      қорытындылары бойынша тиісті ұсынымдар пысықталатын семинар-кеңестерді;

      Министрліктің Корпоративтік порталының "Құқықтық мониторинг" қосалқы жүйе бойынша мемлекеттік органдардың жауапты мамандарын оқытуды өткізеді.

      Мониторинг қорытындылары Мемлекеттік органдар заң қызметтерінің үйлестіру кеңесінің отырыстарында талқыланады.

      Сонымен бірге әділет органдары нормативтік құқықтық актілер жобаларына олардың Конституцияға, заңнамалық актілерге, Президенттің, Үкіметтің және Премьер-Министрдің актілеріне сәйкес болу нысанасына заң сараптамасын жүргізеді.

      Жыл сайын заң сараптамасына шамамен 70 заң жобасы, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1000-ға жуық актісінің жобасы және орталық пен жергілікті атқарушы органдардың 10 мыңнан астам актілері келіп түседі.

      2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін кезеңде заң сараптамасына Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 4 мыңнан астам актісі келіп түскен (2015 жылы - 1 823, 2016 жылы - 1362, 2017 жылы - 1 258), оның 2 мыңнан астам жобасы келісілген (2015 жылы - 756, 2016 жылы - 810, 2017 жылы - 762).

      Министрлікке заң сараптамасына келіп түскен көрсетілген жобалардың басым бөлігін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобалары құрайды, олар келіп түскен актілердің жалпы санының 86% құрайды (2015 жылы - 86%, 2016 жылы - 86%, 2017 жылы - 85%), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімдерінің жобалары 7,5% құрайды (2015 жылы - 5%, 2016 жылы - 8%, 2017 жылы - 9,5%), ал Қазақстан Республикасы Президентінің актілері 7% құрайды (2015 жылы - 9%, 2016 жылы - 6%,2017 жылы - 5%).

      Әділет органдары міндеттерінің бірі орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру болып табылады.

      2015 - 2017 жылдар аралығында мемлекеттік органдар әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге 32473 акт (2015 жылы - 12 586, 2016 жылы - 10286, 2017 жылы - 9601) ұсынды. Бірақ Министрлікке мемлекеттік тіркеуге келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің барлығы тіркелмейді, жүргізілетін заң сараптамасының нәтижелері бойынша жекелеген актілерді тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылданады. Аталған салада тіркеуден бас тарту бойынша статистика: 2015 жылы нормативтік құқықтық актілердің 4,4%-ы, 2016 жылы 5,4%-ы, 2017 жылы 3,5%-ы тіркеуден бас тартылғанын көрсетеді.

      Соңғы екі жылда орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тіркеуге ұсынылған актілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда төмендеді: 2016 жылда 2015 жылмен салыстырғанда 18%-ға, 2017 жылда - 6,7% - ға. Аталған жағдай 2015 жылы "100 нақты қадам" Ұлттық Жоспарын іске асыру шеңберінде қабылданған заңнамалық актілердің көп болуына байланысты.

      Практикада мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерді қабылдаған кезде қолданыстағы заңнама талаптарын бұзу фактілері орын алған, бұл кейіннен прокуратура органдарының прокурорлық қадағалаудың негізделген актілерін енгізуге әкеп соғады.

      Статистикаға сәйкес 2015 жылы 50 НҚА-на қатысты 35прокурорлық қадағалау актісі қанағаттандырылды, бұл 12 586 тіркелген НҚА санының 0,4% құрайды, 2016 жылы 32 НҚА-ға қатысты 23 прокурорлық қадағалау актісі қанағаттандырылды, бұл 8179 тіркелген НҚА санынан 0,4% құрайды.

      2017 жылы мемлекеттік органдар әділет органдары тіркеген 7 НҚА қатысты 7 прокурорлық қадағалау актісін қанағатандырған, бұл 8057 тіркелген нормативтік құқықтық актілердің жалпы санынан 0,09% құрайды.

      2) Негізгі проблемаларды талдау

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлейтін нормативтік нормативтік құқықтық актілердің сапасы норма шығарушылық қызметтің негізгі проблемасы болып табылады.

      Мәселен, мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеген кезде жекелеген кетеліктер мен кемшіліктерге жол береді, бұл оларды пысықтауға қайтаруға немесе тіркеуден бас тартуға әкеп соғады.

      Министрлік Қазақстан Республикасы Президенті және Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің жобаларына заң сараптамасының нәтижесі бойынша берген негізгі ескертулер: заң техникасының талаптарына сәйкес келмеу, бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеу және жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмеу болып табылады.

      Көбінесе нормативтік құқықтық актілерді тіркеуден бас тарту негіздері ретінде жоғары деңгейде тұрған нормативтік құқықтық актілерге қайшы келу, заңмен белгіленген құзыреттің шегінен шығу, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді келісу тәртібін бұзу болып табылады.

      Заң қызметінің қызметкерлерін сәйкес деңгейде тағылымдаман өткізуді қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың нормашығармашылық қызметін талдау негізінде әзірленген ұсыныстар, сондай-ақ Әділет министрлігі жұмысшы болып табылатын Мемлекеттік органдарының заң қызметін үйлестіру кеңесінің әдістемелік жұмысының сапасын арттыру нәтижесінде 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда Президент және Үкіметінің актілер жобаларын қайта пысықтауға жолдану саны 21%-ға төмендетілді, сонымен қатар 2016 -2017 жылдарда да осындай динамика байқалуда.

      Бұл ретте әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін нормативтік құқықтық актілерге қатысты бұл сатыда жол берілетін бұзушылықтар азаматтардың заңмен белгіленген құқықтары мен бостандықтарын шектеуге, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзуға және осының салдарынан прокуратура органдарының негізделген прокурорлық қадағалау актілерін енгізуіне әкеп соғады.

      Қаралып жатқан саладағы тағы бір проблема ғылыми сараптама жүргізу рәсімдерін жеткілікті түрде регламенттемеу болып табылады, осыған байланысты ғылыми сараптама жүргізу тәртібін жетілдіру қажет.

      Ғылыми сараптама қорытындыларының ұсынымдық сипатқа ие екені тағы бір проблема болып табылады, осыған орай олар нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуде барлық кезде ескерілмейді, сонымен бірге оның нәтижелерін мемлекеттік органдар әзірлейтін заң жобаларында басқа кешенді шаралармен қатар ескеру олардың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

      3)Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі
іс-шаралар

Мемлекеттік тіркеуге жататын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер сапасының төмендеуі.

Мемлекеттік тіркеуге жататын НҚА әзірлеу, сондай-ақ норма шығармашылық қызметті жетілдіру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және әдістемелік көмек көрсету.

      Мемлекеттің құқық шығармашылық қызметінің тиімділігін арттырудағы құқықтық ғылымның рөлін күшейту саласы

      1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

      Министрліктің алдында тұрған міндеттерді іске асыру мақсатында республиканың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы құқық шығармашылық қызметінің тиімділігі мен құқықтық ғылымның рөлін күшейту қамтамасыз етіледі.

      Осылайша, Қазақстан Республикасының Заңнама институты жыл сайын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді.

      Заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу ғылыми зерттеулер жүргізудің мақсаты болып табылады.

      2015-2017 жылдар кезеңінде 19 іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізілді (2015 жылы - 6, 2016 жылы - 6, 2017 жылы - 7).

      Заң шығару саласында ғылыми-теориялық ізденімдердің нәтижелерін апробациялау заңнаманы жетілдірудің әзірленген ғылыми тұжырымдамаларында, заң жобаларына, халықаралық шарттарға және олардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүзеге асыру барысында, сондай-ақ заң жобаларын әзірлеу кезінде іске асырылады.

      Ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелері бойынша 2015 жылы заңнаманы жетілдіру бойынша мынадай ұсынымдар мен ұсыныстар әзірленген.

      "Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағы шарттық міндеттемелердің өзекті проблемалары мен оларды жетілдіру: құқықтық реттеу, теория және практика" тақырыбы бойынша ғылыми зерттеуді жүргізу нәтижелері бойынша "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

      "Қазақстан Республикасының заңнамасында қазақ тіліндегі заң лексикасының қолданылуына мониторинг жүргізу" тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу аясында Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормаларына талдау жүргізілді, оның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминологиялық комиссия мақұлдаған заң терминдерінің сөздігі жетілдіріліп, толықтырылды. Мемлекеттік органдардың НҚА мен халықаралық шарттарды әзірлеу кезінде терминдерді бірізді қолдануы сөздік жасаудың негізгі мақсаты болып табылады.

      "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін іске асырудың өзекті мәселелері" тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу аясында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің құқық қолдану практикасына талдау жүргізілді және тұжырымдамалық ұсыныстар әзірленді. Бұдан басқа, осы жұмыстың нәтижелері "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өз көрінісін тапты.

      Қолданыстағы заңнаманың құқықтық мониторингін жетілдіру проблемалары бойынша ғылыми зерттеудің нәтижелері "Құқықтық актілер туралы" Заңда өз көрінісін тапты. Әзірленген ұсынымдар "құқықтық мониторинг" анықтамасын жаңадан айқындаудың негізіне алынды. Бұдан басқа, ғылыми, қоғамдық ұйымдарды және азаматтарды құқықтық мониторингке тарту жөніндегі норма бекітілді. Зерттеу аясында қазақстандық заңнаманың бірізді жүйесін жасау мақсатында құқықтық мониторингтің жаңа жүйесін құру және енгізу практикасына кешенді талдау жүргізілді.

      "Азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуы" тақырыбындағы ғылыми зерттеу аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қолданыстағы Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерінде іске асырылды.

      Әзірленген Квазимемлекеттік және жеке секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру тұжырымдамасының нақты ұсыныстары "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын әзірлеу кезінде ескерілді, кейіннен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Заң қабылданды.

      "Әкімшілік рәсімдер құқығы: теория және Қазақстан Республикасындағы заңнамалық реттеудегі мәселелер" (2016 ж.) тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу шеңберінде әкімшілік-рәсімдік құқықтық қатынастардың кешенді зерттеуі жүргізілді. Сонымен қатар, осы саладағы қолданыстағы заңнаманың "тиісті мемлекеттік басқару" стандарттарына сәйкестігін анықтау бойынша, құқықтық қайшылықтарды анықтау және жою бойынша, сондай-ақ, кемшіліктерді толықтыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Ғылыми зерттеулер қорытындысы бойынша әкімшілік рәсімдер туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленді, олар "Әкімшілік рәсімдер туралы" (жаңа редакциясы) Қазақстан Республикасы Заңының жобасында көрініс тапты.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық реттелуі: жағдайы және даму тенденциялары" (2017 ж.) тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу шеңберінде Президенттің, Парламенттің және Үкіметтің конституциялық-құқықтық мәртебесінің қазіргі жай-күйіне талдау жүргізілді, сондай- ақ, мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық реттеуін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді. Осы жұмыстың нәтижелері "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарында көрініс тапты.

      Осылайша, "Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық заңнама нормаларын жетілдіру мәселелері (2016-2017 ж.ж.)" тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері "Прокуратура туралы", "Қазақстан Республикасының құқық қорғау жүйесін жетілдіру туралы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларына, сондай-ақ қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын әзірлеу кезінде назарға алынды.

      Бұдан басқа, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері 2017 жылы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы мен концепциясын әзірлеуге байланысты консультациялық қызметтерді көрсету барысында пайдаланылды (2017 жылы 21 желтоқсанда қабылданды).

      2018 жылы өткізілген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері заңнамада кейінгі жылдарда да көрініс табады.

      2) Негізгі проблемаларды талдау

      Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша әзірленген ұсынымдардың барлығы практикада бірдей қолданыла бермейді, өйткені олардың кейбіреулері заңнаманы жетілдірудің басым бағыттарымен үйлеспейді.

      Бұдан басқа, жүргізілген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша берілген ұсыныстар ұсынымдық сипатта болады. Осыған байланысты қолданыстағы заңнаманы жетілдіру кезінде мемлекеттік әзірлеуші органдар оларды әрқашан ескере бермейді.

      3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар

Әлемдік экономика мен саясаттағы өзгерістер, жаһандану процестері, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының басым бағыттарының өзгеруі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жолдауында қойылған мемлекет дамуының маңызды бағыттарын, Заң шығару жұмысының тұжырымдамалық жоспарын ескере отырып, ғылыми зерттеулердің тақырыбын анықтау, сонымен бірге Қазақстан Республикасының норма шығармашылық қызметіне ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу.

      Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық қамтамасыз ету саласы

      1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

      Қазіргі таңда, жаһандану дәуірінде мемлекет өздігімен дами алмайды, Қазақстан Республикасына басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен тығыз ынтамақстатықта болуы қажет.

      Бұл бағыттағы маңызды рөлді Министрлік атқарады, оның негізгі міндеттерінің бірі республиканың ұлттық мүдделерін қорғау және республика беделін әлемдік қауымдастықта нығайту мақсатында Қазақстанның қызметін халықаралық аренада құқықтық қамтамасыз ету болып табылады.

      Министрліктің қаралып жатқан бағыттағы функцияларының бірі халықаралық шарттар жобаларына міндетті құқықтық сараптама жүргізу болып табылады.

      2015 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде Министрлік Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша халықаралық шарттар және нормативтік құқықтық актілер жобаларына 2 мыңнан астам заң сараптамасын өткізді (2015 жылы - 711, 2016 жылы - 730, 2017 жылы - 612).

      2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда Министрлікке заңдық сараптамаға ұсынылған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша халықаралық шарттар және нормативтік құқықтық актілер жобалары санының 16% - ға азайуы байқалады.

      Бұдан басқа, Министрлік халықаралық шарттар жобаларын, халықаралық ұйымдар органдарының актілерін және экономикалық интеграция саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысқан.

      Осылайша, Министрлік Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасын әзірлеуге қатысты, оған 2014 жылғы 29 мамырда қол қойылды және ол 2015 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізілді.

      Министрлік 2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарын тиісті нормативтік құқықтық базамен қамтамасыз ету бойынша ЕуразЭО мүше мемлекеттері жүргізген жұмысқа қатысты.

      Атап айтқанда, ЕуразЭО Сотының толыққанды жұмыс істеуі үшін нормативтік құқықтық базаны құру мақсатында мүше мемлекеттер жұмыс тобын құрған болатын, оның құрамына Министрліктің қызметкерлері де кірген. Бұл ретте Министрлік Қазақстан жағынан аталған жұмыс тобының қызметін үйлестіруші болып табылды. ЕуразЭО Сотының нормативтік-құқықтық базасы тұтастай алғанда ЕуразЭО Жоғары кеңесінің актілерімен 2014 жылғы қазанда және желтоқсанда әзірленді және қабылданды.

      Министрлік бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы 2015 жылғы 29 мамырда қол қойған және 2016 жылғы 24 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған еркін сауда туралы Келісім жобасына қатысты.

      2017 жылғы желтоқсанда ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер ЕурАзЭҚ КК ратификациялау жұмыстарын аяқтады және Кодекс 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді.

      ЕурАзЭҚ КК - ЕурАзЭҚ нормативтік-құқықтық базасының негізгі құжаттарының бірі.

      Жалпы, ЕурАзЭҚ Кеден кодексін ратификациялау бойынша, сондай-ақ кедендік құқықтық қатынастарды реттеу жөніндегі комиссияның өкілеттіктерін іске асыру бойынша жұмысқа Министрлік қызметкерлері белсенді қатысты.

      2017 жылы Министрлік Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының реформалауда қатысты ("1992 жылғы 6 шілдедегі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық Сотының мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР 2018 жылғы 13 маусымдағы № 158-VІ Заңы).

      Сондай-ақ, Министрлік Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісім жобасын әзірлеуге қатысты (2018 жылғы 14 мамырда қол қойылған, "Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы" ҚР Заңының жобасы туралы" ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 526 қаулысы).

      Бұдан басқа, Министрлік бір тараптан ЕурАзЭҚ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімнің жобасымен және бір тараптан ЕурАзЭҚ пен оған мүше мемлекеттер, екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы бойынша жұмысқа қатысты. Екі келісімге 2018 жылғы 17 мамырда Астана экономикалық форум аясында қол қойылған.

      Министрлік басқа да мемлекеттік органдармен біріге отырып, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі бойынша жұмыс жүргізді.

      Қаралып жатқан бағыт шеңберінде Министрлік мемлекеттік органдар мен ұйымдардың экономикалық интеграция саласындағы заңнаманы, атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін және ұлттық деңгейден жоғары тұрған орган ретіндегі Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерін түсіндіру мәселелері бойынша өтініштеріне де жауап береді.

      Халықаралық шарттар мәтіндеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында Министрлік халықаралық шарттарды және ұлттық деңгейден жоғары тұрған көздерде ЕуразЭО актілерін жариялау бойынша жұмыс жүргізген.

      Өзге мемлекеттік органдар қатарында Министрлік халықаралық шарттарды әзірлеу бойынша жұмысты да жүзеге асырады.

      Осылайша, 2017 жылы Мемлекет басшысы:

      1) "Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы" Заңға (Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 16 мамырдағы № 66-VІ Заңы);

      2) "Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы" Жарлыққа;

      3) "2007 жылғы 23 қарашадағы Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды.

      2017 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі "Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясымен өзара іс-қимыл бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық органын айқындау туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және "Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 874 қаулысы 2017 жылғы 26 желтоқсанда қабылданды.

      Жоғарыда көрсетілген ратификацияланған Конвенцияларды іске асыру бойынша "1970 жылғы 18 наурыздағы Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенция бойынша Қазақстан Республикасынан орталық және құзыретті органдарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 367 Жарлығы қабылданды.

      18 халықаралық шарт жасасу бойынша келесі келіссөздер қорытынды сатыда жүріп жатыр:

      1) Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқарудың бірыңғай тәртібі туралы келісім жобасы бойынша және КО және БЭК мүше мемлекеттер аумақтарында тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы шарт жобасы бойынша ЕАЭҚ шеңберінде;

      2) 9 мемлекетпен Құқықтық көмек туралы мемлекетаралық шарттарға түзетулер енгізу туралы хаттамалар бойынша (Әзербайжан, Үндістан, БАӘ, Пәкістан, Моңғолия, Түркия, Қырғызстан, Грузия, ҚХР);

      3) 3 Зияткерлік меншік бойынша үкіметаралық келісім бойынша (Әзербайжан, Беларусия, Үндістан);

      4) 2 ведомствоаралық шарт (Хорватия, БАЭ).

      Министрліктің осы саладағы тағы бір функциясы халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердiң өтінімдерін қарау болып табылады.

      2014 - 2017 жылдар аралығында Министрлікке халықаралық шарттар шеңберінде азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы 931 өтініш келіп түсті (2015 жылы -391, 2016 жылы - 214, 2017 жылы - 326).

      2017 жылы азаматтық істер бойынша халықаралық шарттар шеңберінде құқықтық көмек көрсету үшін түскен 326 өтінімнің:

      - 320 (98,2%) өтініші Минск және Кишинев конвенцияларының шеңберінде мүдделі органдарға және жеке тұлғаларға құжаттарды тапсыру туралы;

      - 6 (1,8%) өтініші екіжақты құқықтық көмек туралы халықаралық шарттар (Болгария, Қытай, Түркия) бойынша.

      Халықаралық аренада Қазақстан мүддесін қорғау жөніндегі функция шеңберінде Министрлік БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі ұсынымдарын және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің ратификацияланған Адам құқықтары жөніндегі халықаралық пактінің ұсынымдарын мемлекеттік органдардың іске асыруын үйлестіреді.

      Үкімет ұсынымдарды орындау жөніндегі Жоспарларды бекіту арқылы олардың орындалуын бақылайды.

      2017 жылғы 30 қарашада Астанада Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік туралы Комиссияның отырысы өтті.

      Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезендік шолу шеңберіндегі және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті бойынша Қазақстанның екінші кезендік баяндамасына ұсынымдарын іске асыру жөніндегі 2017 – 2019 жылдарға арналған ведомствоаралық іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

      Халықаралық аренада Қазақстанның мүдделерін қорғау бойынша функциялар шеңберінде Министрлік шетелдік сот және төрелік органдарда мемлекеттің мүдделерін білдіреді және қорғауды іске асырады.

      2015 жылы Министрліктің іс жүргізуінде 11 төрелік және 6 сот ісі, 2016 жылы тиісінше 11 және 4 сот ісі болды. 2017 жылы іс жүргізуінде 12 төрелік, 8 сот ісі және 1 сотқа дейінгі іс жүргізу болды. Осы даулар бойынша талап-арыз сомасы шамамен 4 миллиард АҚШ долларын құрайды.

      Орташа алғанда жылына Қазақстан Республикасына қарсы шамамен 2 жаңа төрелік дауға бастамашылық жасалады. 2017 жылы төрелік талқылаудың басталғаны туралы 2 хабарлама түскен болатын.

      Экономика секторының бөлігінде мұнай-газ секторы, электр энергетикасы және жер қойнауын пайдалануында талап-арыздар басым болады. Географиялық бөлігінде талап-арыздарды қарау 11 мемлекеттің аумағының сот және төрелік институттарында жүргізіледі, оның ішінде Ұлыбритания, Франция, АҚШ және Швеция институттары басым болады.

      Қолданыстағы заңнамада Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша да ғылыми сараптама өткізу қажеттілігі туралы талап қамтылған.Осы талап 2010 жылы енгізілген.

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ халықарлық шарттарының жобасы бойынша ғылыми сараптама:

      1) сапасын, негізділігін, уақытылылығын және оған қатысудың заңдылығын бағалау;

      2) адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

      3) ықтимал тиімділігін айқындау;

      4) ықтимал теріс салдарын анықтау;

      5) Қазақстан Республикасы заңнамасының сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.

      Мәселен, 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін кезеңде халықаралық шарттар жобасына шамамен 244 құқықтық ғылыми сараптама (2015 жылы - 96, 2016 жылы - 80, 2017 жылы - 68) өткізілген.

      2) Негізгі проблемаларды талдау

      Әділет министрлігі халықаралық шарттар жобаларына заң сараптамасын жүргізу барысында келісу үшін ұсынылған халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды бекітудің Ағымдағы (1 жылға) және Перспективалық (3 жылға) жоспарларында орын алмау фактілерін анықтады.

      Мысалы, 2015 жылы мемлекеттік органдар Министрлікке 195 жоспардан тыс халықаралық шарттың жобасын ұсынған.

      Бұдан басқа, мемлекеттік органдар ведомствоаралық халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеу кезінде өздерінің Ережелеріне тиісті құзыреттерді ескермейді.

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша Үкімет қаулыларының жобаларына қатысты мемлекеттік органадар Қазақстан Республикасы Үкіметі Регламентінің бұзылуына жол береді.

      Ғылыми сараптама жүргізу рәсімдерін жеткілікті регламенттеудің болмауы қаралып жатқан саланың тағы бір проблемасы болып табылады. Осыған байланысты ғылыми сараптама жүргізу тәртібін жетілдіру қажет.

      Ғылыми сараптамалардың қорытындыларының ұсынымдық сипатқа ие болуы тағы бір проблема, осыған орай олар нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, сондай-ақ халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде ескерілмейді.

      Заң сараптамасына ұсынылған халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларында халықаралық шарттар немесе халықаралық шарттар жобалары бойынша сараптамалық қорытындыларында ғылыми сараптамалар бойынша ұсыныстарды қабылдамаудың негіздемелері болмаған жағдайларға да жол берілген.

      Өз кезегінде, басқа да кешенді шаралармер бірге ғылыми құқықтық сараптаманы жүйелі түрде жетілдіру және оның нәтижелерін мемлекеттік органдардың халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеген кезде ескеруі олардың анағұрлым жоғары сапасын қамтамасыз етеді және практика мен теория арасындағы алшақтықты жояды.

      3)Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа жетуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі
іс-шаралар

Ғылыми сараптама жүргізетін сарапшылардың төмен біліктілігі

Сарашыларға қойылатын жоғары талаптарды белгілеу

Ғылыми құқықтық сараптаманың төмен сапасы

Ғылыми ұйымдарға жоғары талаптарды қою
 

      2-стратегиялық бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету.

      Сот сараптамасы қызметі саласы

      1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

      Әдiлет органдарының мiндеттерiнің бірі сот-сараптама қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру болып табылады.

      Соңғы жылдары аталған бағыттың озық әлемдік жолмен үдемелі дамуын байқауға болады.

      Сонымен, мемлекеттің сот сараптама органдарын бір ведомствода орталықтандыру жөніндегі саясаты аясында 2015 жылдан 2016 жыл аралығында Министрлікке Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамаларын жүргізу функциялары берілді.

      Сараптамалық функцияларды бір ведомствоға біріктіру әкімшілік персонал құрамын оңтайландыру және сот сарапшыларының кадрлық құрамын кеңейтуге, сот сараптамалық мекемелердің қаржылық ресурстары мен материалды-техникалық базасын шоғырландыруға, кешенді сараптамалар өндірісінің мерзімін қысқартуға ықпал етті.

      Бұдан басқа, сот сараптамасы органдары жүргізетін сараптама түрлерікеңеюде. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының (бұдан әрі – Орталық) аумақтық бөлімшелеріндесараптамалық зерттеулердің 56 бағыты бойынша сараптаманың 29 түрі жүргізіледі.

      Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің жаңасын әзірлеу және қолданыстағыларын жетілдіру арқылы сот-сараптамалық зерттеулер шеңберінде шешілетін сұрақтар шеңбері кеңеюде. 2017 жылы 28 әдістеме әзірленді (2016 жылы – 158, 2015 жылы – 21).

      Сот-сараптама қызметінің басты функционалдық міндеті қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді сот сараптамасының нәтижелерімен қамтамасыз ету болып табылады.

      2017 жылы Орталықта сот сараптамасын өндіру үшін құқық қорғау органдары және соттардан 197 845 материал болды (оның ішінде 193 365 келіп түсті, 4480 өткен жылдан қалғаны), 189 370 сараптамалар мен зерттеулер орындалды, 2016 жылы 209 878 материал болды (оның ішінде 204 997 келіп түсті, 4881 өткен жылдан қалғаны), 199 790 сараптама орындалды, 2015 жылы өндірісте 202 573 материал болды (оның ішінде 198 391 келіп түсті, 4182 өткен жылдан қалғаны), 191 015 сараптама орындалды.

      Мемлекет Басшыларының ақпараттық алмасуды кеңейту және келісілген, оның ішінде сот-сараптамасы саласындағы қадамдарды жүзеге асыру (2015 жылғы 10 шілдедегі ШЫҰ мүше мемлекеттер Басшыларының Уфа декларациясы), сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы (әрі қарай – ШЫҰ) кеңістігіндегі сот-сараптама қызметін ұйымдастырудың деңгейін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі өзара әрекеттестіктің нақты механизмдерін орнату арқылы халықаралық байланыстарды белсендіру және ШЫҰ елдерінің салалық мекемелерінің ынтымақтастығын кеңейтуге бастамашылық етті. Аталған бастаманы ШЫҰ барлық мүшелері қолдады. 2017 жылғы 20 қазанда Ташкент қ. (Өзбекстан Республикасы) өткен ШЫҰ мүше мемлекеттердің Әділет министрлерінің5-кеңесінің нәтижесінде ШЫҰ Әділет министрлері кеңесінің сот-сараптамалық қызмет жөніндегі сарапшылардың жұмыс тобы құрылып, оның регламенті бекітілді.

      2017 жылы "Cот-сараптама қызметі туралы" жаңа Заң (бұдан әрі - Заң) қабылданды, ондағы жаңалықтардың бірі Қазақстандағы жеке сот сараптамасын дамыту болып табылады. Бұл мәселені шешу сот-сараптамасы тәжірибесіндегі баламалы және жарыспалы ортаны қалыптастыруға ықпал етеді деп пайымдаймыз.

      Министрлік сараптама жүргізу мерзімін нақты уақыт режимінде бақылауды жүзеге асыру, қорғауды және құжаттарға жедел қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында сот сараптамасы органдары мен сараптама тағайындаушы органдар арасында мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін сот сараптамасы процестері мен мәліметтерін автоматтандыру мәселесін пысықтауда.

      2) Негізгі проблемаларды талдау

      Негізгі проблемалардың бірі ретінде сот сараптамасы органдары қызметінің жеткіліксіз автоматтандырылуы болып табылады.

      Жүргізілетін сот сараптамаларының мерзімдері мен сапасына нақты уақыт жағдайында бақылау жүргізу мүмкіндігінің болмауы сот сараптамасы саласында барлық филиалдарды, зертханаларды, аудандық және ауданаралық бөлімшелерді қосу арқылы бірыңғай ақпараттық жүйе құруды талап етеді.

      Аталған жүйені әзірлеу және енгізу сот сараптамасы және сараптама тағайындайтын органдар арасындағы мәлімет алмасу процесін айтарлықтай оңайлатып, сараптамаға келіп түскен объектілердің (заттай дәлелдемелерді, ілеспе құжаттарды) электрондық есебін жүргізуге, келіп түскен материалдарды сарапшыларға электрондық автоматты түрде беруге және оларды әрі қарай мұрағатта жүйелеп, құрылымдауға, криминалдық маңызы бар ақпараттың ақпараттық деректер базасын қалыптастыруға, орындаушылық тәртіпті бақылауға мүмкіндік береді

      Бұдан басқа, жүйені енгізу сараптамалар жүргізуді барынша ашық етуге мүмкіндік береді, нәтижесінде шағымдар санын және қайталама сараптамалардың тағайындалуын азайтады.

      Сонымен бірге, сот сараптама қызметі саласындағы жылдан жылға өтіп келе жатқан негізгі проблемалардың бірі сот сараптамасы органдарына байланысты емес мынадай себептер:

      - сот сарапшысының алдына қойылған мәселелердің оның құзыретінің шегінен тыс болуы;

      - сот сараптамасын жүргізуге арналған материалдардың заң талаптарын бұза отырып ұсынылуы;

      - сот сараптамасын жүргізуді тоқтата тұру үшін негіз болып табылатын мән-жайлардың Заңда белгіленген мерзім ішінде жойылмауы.

      Осы проблеманы шешу мақсатында құқық қорғау органдарымен және соттармен дәрістер, дөңгелек үстелдер, әр түрлі деңгейдегі отырыстарда талқылау, жазбаша және ауызша кеңестер, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау түрінде барлық бағыттағы сот сараптамаларын тағайындау тәртібін түсіндіру бойынша әдістемелік-оқу жұмысын жүргізу қажет.     

      Сонымен қатар, Министрлік сот-психиатриалық сараптамасын жүргізу жөніндегі функцияны қабылдай отырып, сот-психиатриалық сараптамасын жүргізу әдістемесінің жоқтығына тап болды. Функция берілген сәттен бері аталған сараптама түрі бойынша 1 әдістеме ғана әзірленді. Тәжірибе аталған әдістеме қылмыстық, азаматтық сот істерін және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді тергеу барысында сарапшылардың алдына қойылған мәселелерді шешуге жеткіліксіздігін көрсетеді.

      3) Тәуекелді басқару

Мақсатқа жетуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару жөніндегі
іс-шаралар

Сот сараптамасын тағайындау үшін құқық қорғау органдары, арнайы органдар және соттар дайындаған сапасыз материалдар санының ұлғаюы

Құқық қорғау органдарының, арнайы органдардың және соттардың қызметкерлері үшін сот сараптамасын тағайындау мәселелері бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу

      Сот актілерін орындау саласы

      1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

      Сот актілерін орындау сот әділдігін іске асырудың соңғы қорытындысы және азаматтардың құқықтарын қорғауға конституциялық кепілдігін қамтамасыз етудің маңызды құралы болып табылады.

      2015 жылы "Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 27-қадамына сәйкес атқарушылық іс жүргізу саласын түбегейлі реформалау жүргізілді.

      Жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамытуды және сот орындаушыларының мемлекеттік қызметін кезең кезеңмен қысқартуды көздейтін шешім аталған реформаның түйінді сәті болып табылады.

      2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке сот орындаушыларының құзыретіне мемлекеттен 1000 АЕК асатын соманы мемлекет пайдасына өндіріп алу туралы құжаттарды, мемлекет мүддесінде жүргізілетін үйден шығару, үйлерді бұзу, жер учаскелерін алып қою бойынша істерді қоспағанда, атқарушылық құжаттардың барлық санаттары берілді, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының өкілеттіктері кеңейтілді.

      2015 және 2017 жылдардағы сот шешімдерін орындау бойынша жағдайды салыстырғанда орындаудағы құжаттар санының да, сол сияқты аяқталған атқарушылық іс жүргізулер санының да көбейгенін атап өткен жөн.

      2015 жылы 1 млн. 157 мың атқарушылық өндіріс аяқталды (мемлекеттік сот орындаушыларында 828 мың, жеке сот орындаушыларында 329 мың), оның ішінде 766 мың (мемлекеттік сот орындаушылары 517 мың, жеке сот орындаушылары 249 мың) атқарушылық құжат толық көлемде орындалды, бұл 66,2% құрады.

      2016 жылы 1 млн. 348 мың атқарушылық өндіріс аяқталды (мемлекеттік сот орындаушыларында 415 мың, жеке сот орындаушыларында 933 мың), оның ішінде 773 мың (мемлекеттік сот орындаушылары 185 мың, жеке сот орындаушылары 588 мың) атқарушылық құжат толық көлемде орындалды, бұл 57,3% құрады.

      2017 жылы сот актілерін орындау бойынша деректер мынадай үлгіде: 1 млн. 524 мың атқарушылық өндіріс аяқталды (мемлекеттік сот орындаушыларында 113 мың, жеке сот орындаушыларында 1 млн. 411 мың), оның ішінде 892 мың (мемлекеттік сот орындаушылары 55 мың, жеке сот орындаушылары 837 мың) құжат толық көлемде орындалды, бұл 58,6% құрады.

      Осылайша, соңғы жылдары орындаудағы атқарушылық іс жүргізулердің жалпы санынан аяқталған атқарушылық іс жүргізулер бойынша оң динамика байқалды.

      Заңнамаға жеке сот орындаушылары институтын дамытуды көздейтін өзгерістердің енгізілуіне байланысты мемлекеттік сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар санына қарағанда, жеке сот орындаушыларындағы атқарушылық құжаттар санының көбейгені байқалады.

      Осылайша, 2017 жылы мемлекеттік сот орындаушыларына ұсынылған құжаттар саны 64% төмендеді.

      Барлық аяқталған құжаттардың 88%-ы жеке сот орындаушыларға жатады, ал 2016 жылы жеке сот орындаушылар аяқтаған құжаттардың үлесі 65% құрады.

      Орындалған құжаттардың жалпы санынан жеке сот орындаушылар орындаған құжаттардың үлесі 93% құрады, 2016 жылы 75% құрады.

      2) Негізгі проблемаларды талдау

      Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы әртүрлі болуына байланысты жеке сот орындаушылар санының өсу қарқыны барлық жерде бірдей емес. Мәселен, мысалы батыс және солтүстік облыстарында жеке сот орындаушыларының саны нормативтерге жетпеген, осы уақытқа дейін олардың қызметтерімен қамтылмаған аудандар бар.

      Атқарушылық іс жүргізу саласындағы негізгі проблемалардың бірі жұмыстың, өндіріп алуға болатын кірістерінің, мүлкінің болмауына байланысты не борышкердің оларды әдейі жасыруына байланысты сот шешімдерін орындау мүмкін еместігі болып табылады. Бұл ретте, мемлекеттік сот орындаушысы да, сол сияқты жеке сот орындаушысы да – азаматтық тұлға болып табылады және оның өкілеттіктері мүлікті ресми көздерден іздеумен ғана шектелген, ол жасырын мүлікті анықтай алмайды. Ол үшін жедел іздестіру және тергеу қызметінің құралдары қажет, ол қызметтік істі қозғаған кезде ғана мүмкін, осыған байланысты материалдар тергеп-тексеру үшін ішкі істер органдары жіберіледі.

      3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару
іс-шаралары

Азаматтардың дағдарыс кезеңінде өз мүдделерін қорғау үшін өтініштері санының көбею есебінен келіп түсетін атқарушылық құжаттар санының көбеюі

Республикалық жеке сот орындаушылар палатасымен бірге жеке сот орындаушылар санын көбейтуге бағытталған жұмыс жүргізу.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына лицензияның қолданысы уақытша тоқтатылған (тоқтатылған) жағдайда жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарында атқарушылық іс жүргізулердің уақтылы бөлінбеуі

Жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізулерді қайта бөлу функционалын әзірлеу және іске асыру.
 

      Азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету саласы

      1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

      Нотариат және адвокатура институттары еліміздің құқықтық жүйесінде ерекше орын алады, олардың жұмысының тиімділігіне азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының қорғалуы байланысты болады.

      Мемлекет кепілдік берген заң көмегін өз құзыреті шегінде мемлекеттік

      органдар, сондай-ақ адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары көрсетеді.

      2012 жылдан бастап еліміздің аумақтары нотариаттық және адвокаттық қызметімен 100 % қамтылған. Республикамызда 16 аумақтық нотариаттық палата және 16 адвокаттар алқасы қызмет етуде.

      Нотариустардың жалпы саны 2015 жылы- 4 142, ал 2016 жылы - 4 156, 2017 жылы- 4171 құрады.

      Тәуелсіздік алған жылдардан бастап мемлекет адвокатураның рөлін күшейтуге бағытталған шаралар қабылдады, оның ұйымдық құрылымы заңнамалық тұрғыдан реформаланды, сондай-ақ адвокаттың мәртебесін, оның тәуелсіздігінің кепілін және негізгі процестік өкілеттілігін айқындады. Қазіргі уақытта адвокатура кепілдендірілген заң көмегін көрсету саласындағы мемлекет пен қоғамның сұрау салуына жауап беретін қарқынды дамып келе жатқан институт болып қалыптасты.

      Адвокаттардың саны соңғы үш жылда: 2015 жылы – 4509, 2016 жылы – 4609, 2017 жылы – 4724 құрады, бұл адвокаттар көлемінің 2016 жылмен салыстырғанда,2017 жылы 2,5% жоғарылағанын көрсетеді.

      Қазақстан Республикасының Конституциясы кез-келген азаматтың білікті заң көмегін алу құқығына кепілдік береді.

      Мемлекет кепілдік берген заң көмегі құқықтық ақпараттандыру, құқықтық консультация беру және "Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және өзге Қазақстан Республикасының актілерінде белгіленген жағдайлар мен тәртіпте соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың құқықтарын қорғау өкілдігі түрінде көрсетіледі.

      2015 жылы мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін адвокаттардың жалпы санының 63% қатысса, 2016 жылы 62,5%, 2017 жылы 65% қатысқан.

      2017 жылы мемлекет кепілдік берген заң көмегі көрсетілген азаматтардың жалпы саны - 164 105, 2016 жылы - 155 435, 2015 жылы - 157 018 адамды құрайды.

      2) Негізгі проблемаларды талдау

      Адвокаттық қызмет аясы көрсетілетін қызметтің сапасында проблемалардың болуымен сипатталады.

      Адвокатураны одан әрі дамыту және адвокаттардың көрсетілетін заң көмегінің сапа өлшемшарттарына сәйкес болу үшін адвокаттар кәсіби міндеттерін атқару барысында жол беретін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдары мен Адвокаттардың кәсіби этикасы кодексінің нормаларын бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қолданылатын болады.

      Сонымен қатар, қазақстандық қоғамының жоғары құқықтық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде адвокаттардың кәсіби мәдениетінің деңгейін арттыруға және кәсіби даярлық сапасына ерекше көңіл бөлінеді.

      3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару
іс-шаралары

Адвокаттардың біліктілігі мен кәсіби мәдениеті деңгейінің төмендеуіне байланысты азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың төмен дәрежеде қамтамасыз етілуі.

Азаматтарға білікті заң көмегін көрсету тетігін жетілдіру.

      Зияткерлік меншік саласы

      1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

      Зияткерлік меншік саласында 2015 жылы өнеркәсіптік меншікке 11 910 қорғау құжаты берілген, 2016 жылы - 11 968 қорғау құжаты, 2017 жылы - 9430 қорғау құжаты берілген, бұл 2016 жылға қарағанда 21,2%-ға төмен.

      Өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау құжаттарын "электрондық үкімет" порталы арқылы беру бойынша бизнес-процесті оңтайландыру жөніндегі қабылданған шаралар зияткерлік меншік объектілерінің қорғау құжаттарын беруге қатысты өтінімдерді беру процесін жеңілдетті. Нәтижесінде қорғау құжаттарын беру туралы өтініштердің саны, оның ішінде "электрондық үкімет" порталы арқылы өтініштердің саны арта түсті.

      Соңғы 3 жылда электрондық форматта 2925 өтінім берілген, 2015 жылы 413 өтінім берілген, 2016 жылы - 1015 өтінім, 2017 жылы 1497 өтінім берілген, бұл 2016 жылға қарағанда 47,4%-ға көп.

      Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне құқықтарды ресiмдеу процесiнде әкiмшiлiк кедергiлердi төмендету жөнiндегi шаралардың нәтижесiнде тiркелген келiсiмдер артуда. Осылайша, егер 2015 жылы 580 шарт (лицензиялық, сублицензиялық, басқаға беру, франчайзинг, кепіл шарттары, қосымша келісімдер) тіркелсе, 2016 жылы 611 шарт, 2017 жылы - 632 шарт жасалды, бұл 2016 жылға қарағанда 3,4% көп.

      Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бастап Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) қатысушысы болып табылады.

      Ұйымға мүше болу және қабылданған міндеттемелерге сәйкес ДЗМҰ халықаралық шарттарының 19 базалық келісімін ратификациялау ұлттық заңнаманы, оның ішінде өнеркәсіптік меншік объектілерін және қазақстандық авторлар мен құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау бөлігінде үйлестіруге мүмкіндік берді.

      2015 жылғы 27 шілдеде Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді (бұдан әрі - ДСО).

      ДСҰ-ға кірудің басты талабы ретінде кандидат-мемлекеттің ұлттық заңнамасын осы ұйымның келісімдеріне сәйкестендіру болып табылады.

      2015 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы "1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

      Осы хаттаманың қосымшасы Қазақстан ратификациялайтын халықаралық келісім ретінде Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері келісімі (ТРИПС Келісімі) көрсетілген.

      2015 жылғы 27 қазанда Мемлекет басшысы ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік сауда ұйымы келісімдерінің нормаларына сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

      Министрлік Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы келіссөз процесі нәтижелерін ескере отырып, патенттік сенімді өкілдерсіз өнеркәсіптік меншік объектілерінің қорғау құжаттарына тікелей өтініш беру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қырғыз Республикасының, Өзбекстанның, Әзербайжанның және Грузияның Үкіметтерімен өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы бұрын жасалған екіжақты үкіметаралық келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі шараларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің қызметтерін тартпай өнеркәсіптік меншік объектілеріне қорғау құжаттарын беру туралы өтінімдермен тікелей жүгінуді болдырмау мақсатында. қабылдады.

      2015 жылғы 8 қыркүйекте Гродно қаласында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау бойынша әрекеттерді үйлестіру туралы шартқа, 2017 жылғы 11 желтоқсанда Мәскеу қаласында авторлық және сабақтас құқықтарды басқару тәртібі туралы келісімге қол қойылды.

      Осы көрсеткішті жақсарту мақсатында зияткерлік меншік объектілерін заңсыз қолдану фактілерін анықтау, оларды алдын алу және жою бойынша шаралар қабылданды.

      Бұдан бұрын,Әділет органдарымен ішкі істер, мемлекеттік кіріс органдарына берілгенге дейін өнеркәсіптік құқығын, пайдалы модель, өнеркәсіп үлгісін, авторлық және сабақтас құқығын бұзу, тауар таңбасын заңсыз қолдану облысында әкімшілік құқық бұзушылық істерді қозғау уәкілеттігі тіркелген болатын (2014 жылы әділет органдарымен әкімшілік құқық бұзушылық істер туралы 389 іс қозғалды, 2013 жылы - 655, 2012 жылы - 595, оның ішінде ӘҚБтК-нің 129-бабы бойынша (ескі нұсқасында) 2014 жылы -345 іс қозғалды; 2013 жылы - 544, 2012 жылы - 562); ӘҚБтК-нің 145-бабы бойынша (ескі нұсқасында) 2014 жылы- 44 іс қозғалды, 2013жылы - 44, 2012 жылы - 32).

      2014 жылы Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерінің қабылдануымен тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактілері бойынша әкімшілік өндірісті қозғау әділет органдары өкілеттігінде (2015 жылы - ӘҚБтК-нің жаңа нұсқасының 158 бабына сәйкес, 2015 жылы - 167 әкімшілік өндіріс қозғалды, 2016 жылы - 157, 2017 жылы -167 әкімшілік өндіріс) қалды.

      Зияткерлік меншік саласында заңнаманы одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс шеңберінде 2015 жылғы 7 сәуірде Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

      Заң мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың міндеттерін нақтылауды, өз шығындарын өтеуге ұсталатын проценттерінің шегін бекітуге, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу мерзімдерін 65-тен 30 күнтізбелік күнге дейін қысқартуға, Қазақстанда өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау құралдарының тізімінен инновациялық патентті алып тастауға, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманының өнеркәсіптік меншіктің қызметтік объектілеріне және т.б. құқықтарды реттеу бөлігіндегі нормаларын қайта қарау көзделген.

      2018 жылғы 20 маусымда зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіруге, ғылыми-техникалық прогресс пен еркін бәсекелестікті дамытуға, тіркеу рәсімін оңайлатуға, құқықтық олқылықтарды жоюға, сондай-ақ зияткерлік меншік саласында әкімшілік кедергілер жасайтын нормаларды алып тастауға бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.

      Заңмен зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды тіркеу бойынша Әділет министрлігінің өкілеттілігін сараптау ұйымына ("Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМК) жіберу арқылы зияткерлік меншік объектілерін тіркеудің бір деңгейлі жүйесі құрылды, тіркеу бойынша дауларды сотқа дейін қарау мүмкіндігі кеңейтілді, тауар таңбасын заңсыз пайдаланғаны үшін өтемақы институты енгізілді, тауар таңбаларына өтінімдерді жариялау тетігі нақтыланды.

      Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Министрлік функцияларының маңызды құрамдас бөлігі зияткерлік меншік мәселелері бойынша дауларды сотқа дейінгі реттеу тетігін бақылау болып табылады.

      Қолданыстағы жүйеде бұл тетік өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейін қарау жөніндегі Әділет Министрлігі жанындағы алқалы орган Апелляциялық кеңес болып табылады.

      Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау өкілеттігіне ие сараптама ұйымының шешімдеріне байланысты дауларды қарау оның басты міндеті.

      Бұдан басқа, Заңмен аппеляциялық кеңеске фирмалық атауларға құқықтарын қазақстандық ұлттық кәсіпкерлік субъекті өкілдері арқылы Қазақстан аумағында әрекет ететін шетелдік компаниялардың тіркеуге қарсы құқықтарының бұзылуына байланысты қарсылықтарды қарау функциялары да қосымша берілген.

      2015-2017 жылдар аралығында Апелляциялық кеңес 326 (2015 жылы – 119, 2016 жылы – 73, 2017 жылы -134) шешім қабылдады, оның ішінде 218 қарсылықтар қанағаттандырылған (2015 жылы – 76, 2016 жылы – 49, 2017 жылы – 93), 100 қарсылықтарды қанағаттандырудан бас тартылған (2015 жылы -43, 2016 жылы – 24, 2017 жылы – 33), 8 - қарсылықтар ішінара қанағаттандырылған (2017 жылы), Апелляциялық кеңес алқасының 28 шешімі сотта шағымдалды (2015 жылы - 3, 2016 жылы - 14, 2017 жылы – 11).

      2) Негізгі проблемаларды талдау

      Шетелдік инвесторлар Қазақстан Республикасы Үкіметінің зияткерлік меншік объектілерін қорғау бойынша, оның ішінде ЕАЭО бірыңғай кеден аумағы шеңберінде зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарлардың кедендік шекара арқылы өтуі кезіндегі кедендік бақылау, зияткерлік меншік объектілерін қамтитын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу, контрафактпен күрес бөлігінде жұмысын жетілдіруді жалғастыру қажеттігін атап өтеді.

      Осыған байланысты, қылмыстық және әкімшілік кодекстеріне енгізілген зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың жауаптылығын қатаңдату бөлігіндегі түзетулерді ескере отырып, құқық қорғау органдары тарапынан зияткерлік меншік саласындағы бұзушылықтарды алдын алу, анықтау, жолын кесу жөніндегі шараларды күшейту қажет.

      ДЗМҰ шеңберінде инновацияларды қолдау, коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту, жаңа технологияларды коммерциялық пайдалануды ынталандыру, ДЗМҰ шеңберінде технологиялар мен инновацияларға қолдау көрсететін орталықтарды(ТИҚКО) ашу бойынша мәселе көтеріледі.

      Зияткерлік меншікті дамыту үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру мақсатында сараптаманың сапасын арттыру, патент ведомствосында ұлттық және халықаралық тіркеу, сондай-ақ электрондық өтінімдерді тіркеу аясын кеңейту қажет.

      3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару
іс-шаралары

Апелляциялық кеңес шешімдерінің күшін жою

Материалдарды есепке алуды жүргізу, апелляциялық кеңес материалдарын қарау үшін қалыптастыру және талдау жүргізу, апелляциялық кеңестің отырыстарын дайындау.

      Құқықтық насихатты қамтамасыз ету саласы

      1) Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері

      Құқықтық насихаттауды жүзеге асыру мақсатында Министрлік 2015 жылдан бастап электрондық түрдегі ҚР НҚА Эталондық бақылау банкін өндірістік қолданымға енгізді. НҚА бақылау түрінде интернет желісінде орналасқан web-портал арқылы пайдаланушыларға қолжетімді. Электрондық түрдегі НҚА Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау дереккөзі мәртебесі берілді.

      Бұдан басқа, Министрлікте 2011 жылдан бері негізгі міндеттері мен мақсаттары халыққа құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беру болып табылатын Құқықтық ақпараттық қызмет жұмыс істейді.

      Құқықтық ақпараттық қызмет құрылғаннан бастап халыққа 846 000 кеңес берілді, орташа есеппен оператор-кеңесшілер күніне 500 қоңырау қабылдап қызмет көрсетеді.

      Құқықтық ақпараттық қызметі 2015 жылы 118 108 кеңес, 2016 жылы 133 748 кеңес, ал 2017 жылы 139 206 кеңес берді.

      Ақпараттық анықтамалық жүйелерді қолданумен көрсетілген анықтамалық-кеңестік қызметті бағалап, қанағаттанған азаматтардың саны 2015 жылы - 77%, 2016 жылы - 79,06%, 2017 жылы - 94,89% құрады.

      Осылайша, 2017 жылы ақпараттық анықтамалық жүйелерді қолданумен көрсетілген анықтамалық-кеңестік қызметпен қанағаттанған азаматтардың саны 20%-ға өскені көрінді.

      2) Негізгі проблемаларды талдау

      Халықтың және ұйымдардың Құқықтық ақпараттық қызметінің бар екендігі жөнінде жеткіліксіз хабардар болуы.

      Осы проблеманы шешу үшін құқықтық ақпараттық қызмет жөнінде халықты құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес алудың мүмкіндігі жөнінде хабардар ете отырып, әділет органдары басшылығының әр түрлі кеңестерде, халықпен кездесулерде, БАҚ-та хабардар ету.

      3) Тәуекелдерді басқару

Мақсатқа қол жеткізуге әсер етуі мүмкін тәуекелдердің атауы

Тәуекелдерді басқару
іс-шаралары

Ақпараттық анықтамалық жүйелерді қолданумен көрсетілген анықтамалық-кеңестік қызметті алушылардың қызметті бағалауға толық қатыспауы.

Көрсетілген анықтамалық-кеңестік қызметті бағалау тетігін жеңілдету шараларын қабылдау.

3-бөлім. Саланы/аяны дамытудың басым бағыттары

      Ескерту. 3-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Әділет министрінің 18.03.2017 № 282 бұйрығымен.

      1-стратегиялық бағыт. Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету

      Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды заңнамаға енгізу.

      "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" ММ-cі іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижесінде берген ұсынымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру тұжырымдамасында көрсетілген ұсыныстарды заңнамаға енгізу.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында норма шығару процесін жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін шаралар қолдану қажеттігі көзделген.

      Сонымен, өзгелердің қатарында, Қазақстан мемлекеті мен қоғамының жақын арадағы және алыс болашақтағы дамуы туралы ғылыми негіздемелерге, іргелі ұсынымдарға негізделген бірыңғай құқықтық саясат қажет.

      Осыған байланысты, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу нәтижелері бойынша берілген ұсынымдарды заңнамаға енгізу мемлекеттің құқық шығармашылығы қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

      Қарастырылып отырған басымдыққа жету үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді таңдауға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын ескере отырып, неғұрлым сапалы қарау, сондай-ақ олардың нәтижелерін заңнаманы жетілдіру кезінде пайдалану және ғылыми құқықтық қоғамдастық пен мемлекет арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі "Қазақстан Республикасының Заңнама институты" ММ арқылы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін енгізу туралы актілерді беру рәсімін оңайлату жоспарлануда.

      2 стратегиялық бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқығын іске асыруды қамтамасыз ету

      Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредиттеу.

      Сот-сараптамалық қызметтің дамуының қазіргі сатысында құқық үстемдігі қағидасын жүзеге асыру тұрғысында сот сараптамасы қорытындыларының халықаралық соттарда мойындалуы, сот сараптама қызметінің сапасын халықаралық аккредиттеу деңгейіне дейін арттыру өзекті болып табылады.

      2016 жылдан 2020 жылға дейін жыл сайын сот сараптамасы органдарының 5 аумақтық бөлімшелерінде аккредиттеуге дайындау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Олардың дайындалуына орай аккредиттеуге өтінім берілетін болады (2017 жылы – 3 аумақтық бөлімшеден кем емес, 2018 жылы – 3 аумақтық бөлімшеден кем емес, 2019 жылы – 4 аумақтық бөлімшеден кем емес, 2020 жылы – 5 аумақтық бөлімшеден кем емес). Осылайша, 2020 жылға дейін аумақтық бөлімшелердің 94%-ын аккредиттеу көзделуде.

      Бұл басымдыққа қол жеткізуге сонымен қатар сот сараптама органдарында жүргізілетін сот сараптамаларының мерзімін және олардың сапасын есептеу бойынша Бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу ықпал ететін болады. Оның жүзеге асырылуы барлық жүргізілген сараптамалар он-лайн режимді шоғырландырылуына орай сот сараптамасы өндірісі кезінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды тексеруді едәуір оңайлатып, сараптама жүргізудің бастапқы сатыларында орын алатын бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

      Бұдан басқа, жүйені енгізу сараптама өндірісін барынша дәлелді етуге мүмкіндік береді, нәтижесінде қызметке арыз санын және қайталама сараптамаларды тағайындауды қысқартады.

      Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру.

      Аталған басымдылық Мемлекеттік басшысының Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарымен, сондай-ақ ІІ "Мемлекет – тиімді реттеуші" бөлімінде Құқық үстемдігін қамтамасыз ету міндетіне қол жеткізу шараларының бірі ретінде "Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру" көзделген Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарымен белгіленген.

      Аталған басымдылық жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту арқылы іске асырылатын болады.

      ДЗМҰ, ДЭФ, ЕАЭО шеңберінде міндеттемелерді орындау және қолайлы жағдайды қалыптастыру.

      Жоспарланған міндеттерге қол жеткізу үшін:

      1) Министрлікке бекітілген БЖИ бойынша индикаторлар көрсеткіштерін жақсартуды одан әрі іске асыру;

      2) Өнеркәсіптік меншік объектісіне сараптама жасау және тіркеу және авторлық құқық объектілерін тіркеу сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

      3) Зияткерлік меншік объектілеріне қатысты заңнаманы құқықтық насихаттау және оны пайдалану бойынша жұмысқа тұрақты түрде құқық иеленушілерді, ҚҰБҰ және патенттік ұйымдар өкілдерін тарту;

      4) Контрафактілі өнімдермен күресте құқық пайдалану тәжірибесін, тауар таңбаларын қорғау тетіктерін жетілдіру және мемлекеттік органдардың, өзара іс-қимылын нығайту бойынша одан әрі шаралар қабылдау;

      5) ЕАЭО шартының шеңберінде келісілген саясатты іске асыруға қатысу жоспарлануда.

4. бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарларымен өзара байланыс архитектурасы

      Ескерту. 4-бөлім жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 27.11.2018 № 1558 бұйрығымен.

Елдің жалпыұлттық көрсеткіштері

2050жылға дейінгі Қазақстанның даму Стратегиясы, Қазақстанның әлемнің ең
дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасы

- Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс;
- Қазақстанның заңнамасы ұлттық мүддесін қорғап қана қалмай, ол серпінді дамып отырған халықаралық құқықтық ортаны үйлестіру;
- ұзақ мерзімді перспективада, патенттер санының көптеп жинақталуына және ғылымды қажетсінетін экономикаға көшу шамасына қарай, берілетін патенттердің сапасын жақсартуға назар аударыла отырып, зияткерлік меншікті қорғау жүйесі жетілдіріледі;
- зияткерлік меншікті қорғау бойныша заңнамасын жетілдірілетін болады;
- жеке сот орындаушылар санын көбейту жолымен сот актілерін орындау тиімділігін арттыру қамтамасыз етілетін болады.




2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары

- заңнаманың сапасын арттыру;
- құқық қолдануды жақсарту;
- қылмыстық және әкімшілік-деликтік заңнаманы одан әрі ізгілендіру;
- үздік практикалар тәжірибесі бойынша әкімшілік әділет жүйесін құру;

- азаматтардың мүдделерін қорғау сапасын жақсарту;
- рейдерліктен нормативтік-құқықтық қорғауды қамтамасыз ету;
- сот актілерін орындаудың тиімділігін арттыру.




Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің стратегиялық бағыттары

1 стратегиялық бағыт
Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету

2 стратегиялық бағыт
Азаматтар мен ұйымдардың құқығын іске асыруды қамтамасыз ету




Әділет министрлігінің мақсаттары

1.1. Мақсат
Ұлттық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық қамтамасыз ету
 

2.1. Мақсат
Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредитация стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру

2.2.Мақсат
Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру
 

2.3. Мақсат
Азаматтардың білікті заң көмегін және тіркеу қызметтерін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету

2.4. Мақсат
Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қорғауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету
 



Бюджеттік бағдарламалар

006 "Заңнамалық актілердің және халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама"

060 "Сот-сараптама кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау"


005 "Адвокаттар
дың заңгерлік көмек көрсетуі"


055 "Қазақстан Республикасы Заңнама институтының қызметін қамтамасыз ету"

065 "Сот сараптамалары бойынша қызметтер"


009 "Құқықтық
насихат"
 


050 "Қазақстанда құқық қорғау тетіктерін жетілдіру және БҰҰ әмбебап кезеңдік шолу ұсынымдарын тиімді іске асыру"





047"Мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау, сот немесе төрелік талқылаулар перспективаларын бағалау және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар және инвестициялық шарттар жобаларына заңгерлік сараптама"





059 "Сот төрелігінің секторын институционалды түрде нығайту жобасын іске асыру"





001 "Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету"

101 "Өкілдік шығындарға арналған қаражат есебінен іс-шаралар өткізу"

109 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу"

138 "Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету"

5. Бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және нысаналы индикаторлар

      Ескерту. 5-бөлім жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 27.11.2018 № 1558 бұйрығымен.

Мақсатты индикаторлар

Жауаптылар

Ақпарат
көзі

Өл.
бір.

Есептік жыл

Ағымдағы жылдың жоспа
ры (нақты)

Жоспарлы кезең


2015
жыл

2016
жыл

2017
жыл

2018 жыл

2019
жыл

2020 жыл

2021 жыл

1 стратегиялық бағыт. Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету

1.1. Мақсат. Ұлттық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық қамтамасыз ету

1.1.1.

Заң жобаcында есепке алынған ғылыми құқықтық сараптамалар ұсыныстарының үлесі

Әділет
вице-министрі

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

%

-

82
 

83
 

84
 

85
 

86
 

87
 

1.1.2.

Әділет министрлігімен келісілген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының, Конституциялық Кеңестің қаулылары, прокурорлық қадағалау актілері және сот шешімдерінің негізінде өзгертілген не күшін жойған актілерінің үлесі (есеп беру кезеңінде келісілген жобалардың жалпы санынан)
 

Әділет
вице-министрі

Әдiлет
министрлiгiнiң
есептiк
деректерi

%

-
 

 
5
 

 
4
 

0,24

0,23

0,22

0,21

1.1.3.

Мемлекеттік тіркеу барысында сапасыз заң сараптамасын жүргізуге байланысты негізделген прокурорлық қадағалау актілері (наразылықтар, ұсыныстар) енгізілген Әділет органдарымен тіркелген (тіркелген НҚА жалпы санынан)нормативтік құқықтық актілердің үлесі
 

Әділет министрінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасары

Әдiлет
министрлiгiнiң
есептiк
деректерi

%

-

2,9

2,8

1

1

1

1

1.1.4.

Іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу нәтижелері бойынша алынған ұсынымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру тұжырымдамасының шеңберінде әзірленіп ұсыныстардың, нормативтік құқықтық актілерде көрініс тапқан үлесі

Әділет
вице-министрі

Әдiлет
министрлiгiнiң
есептiк
деректерi

%

-

-

11

12

13

14

15

1.1.5.

Ғылыми құқықтық сараптамалардың ұсыныстары есепке алынған халықаралық шарттар мен халықаралық шарттар жобасының үлесі

Әділет министрінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасары

Әдiлет
министрлiгiнiң
есептiк
деректерi

%

-

-

53

54

55

56

57

2 стратегиялық бағыт. Азаматтар мен ұйымдардың құқығын іске асыруды қамтамасыз ету

2.1. Мақсат. Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредитация стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру

2.1.1.

Сот сараптамасы органдарының өндірісіндегі материалдардың жалпы санынан орындалған сот сараптамаларының үлесі

Әділет министрінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасары

Әдiлет
министрлiгiнiң
есептiк
деректерi

%

91

91,2
 

 
91,4
 

 
94,6

94,7

94,8

94,9

2.1.2

Біліктілікті арттыру және қайта даярлаудан өткен сот сарапшылары мен орта медициналық персоналдың олардың жалпы санынан үлесі

Әділет министрінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасары

Әдiлет
министрлiгiнiң
есептiк
деректерi

%

-

13

13
 

 
26

39

52

65

2.2. Мақсат. Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру

2.2.1.

Аяқталған атқарушылық өндiрiстердiң жалпы санынан толық көлемде орындалған атқарушылық құжаттардың үлесі

Әділет министрінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасары

Әдiлет
министрлiгiнiң
есептiк
деректерi

%

-

57,3

58,6

59

60

61

62

2.3. Мақсат. Азаматтардың білікті заң көмегін және тіркеу қызметтерін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету

2.3.1.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге қатысатын адвокаттардың үлесі

Әділет министрінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасары

Әдiлет
министрлiгiнiң
есептiк
деректерi

%

-

57

59

61

62

63

64

2.3.2.

Ақпараттық анықтама жүйесін қолдануымен анықтама-кеңес қызметін бағалағандардан қанағаттандырылған азаматтардың үлесі

Әділет
вице-министрі

Әдiлет
министрлiгiнiң
есептiк
деректерi

%

-

79

80

81

82

83

84

2.4. Мақсат. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қорғауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету

2.4.1.

Шығарылған шешімдердің жалпы санынан күшіне енген және тараптар шағым бермеген апелляциялық кеңес шешімдерінің үлесі

Әділет
вице-министрі

Әдiлет
министрлiгiнiң
есептiк
деректерi

%

-

80,8

91,7

92

92,5

93

93,5

6. бөлім. Ресурстар

      Ескерту. 6-бөлім жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 27.11.2018 № 1558 бұйрығымен.

Ресурстар

Өлшем. бірлігі

Есептік кезең

Ағымдағы жоспарлы кезең

Жоспарлы кезең

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

1

2

3

4

5

6

7

Қаржы: Барлығы:

мың теңге

29 373 921

38 166 053

38 135 999

42 922 376

35 173 153

оның ішінде:







1.1. Мақсат. Ұлттық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ Қазақстанның ұлттық мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық аренадағы қызметiн құқықтық қамтамасыз ету

006 "Заңнамалық актілердің және халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама"

мың теңге

83 853

55 182

25 963

34 019

76 360

047 "Мемлекет мүдделерін білдіру және қорғау, сот немесе төрелік талқылаулар перспективаларын бағалау және жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар және инвестициялық шарттар жобаларына заңгерлік сараптама"

мың теңге

10 909 415

15 189 300

15 905 948

18 552 164

14 632 643

050 "Қазақстанда құқық қорғау тетіктерін жетілдіру және БҰҰ әмбебап кезеңдік шолу ұсынымдарын тиімді іске асыру"

мың теңге


20 739

23 622

27 249


055 "Қазақстан Республикасы Заңнама институтының қызметін қамтамасыз ету"

мың теңге

337 399

332 112

334 259

339 725

340493

059 "Сот төрелігінің секторын институционалды түрде нығайту жобасын іске асыру"

мың теңге

119 715

1 189 653

1 447 919

4 146 027


1.1. – мақсат бойынша қорытынды:

мың теңге

11 450 382

16 786 986

17 737 711

23 099 184

15 049496

2.1. Мақсат. Сот-сараптама қызметін халықаралық аккредитация стандарттары деңгейіне дейін жетілдіру

060 "Сот-сараптама кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау"

мың теңге

7 729

10 132

44 923

39 813

40431

065 "Сот сараптамалары бойынша қызметтер"

мың теңге



5 804 578

5 638 285

5 646 843

2.1. – мақсат бойынша қорытынды:

мың теңге

3 443 252

5 843 229

5 849 501

5 678 098

5 687274

2.3. Мақсат. Азаматтардың білікті заң көмегін және тіркеу қызметтерін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету

005 "Адвокаттардың заңгерлік көмек көрсетуі"

мың теңге

1 343 655

1 463 628

1 558 083

1 813 004

1 813 004

009 "Құқықтық насихат"

мың теңге

437 260

425 468

207 957

643 693

643 693

2.3. – мақсат бойынша қорытынды:

мың теңге

1 780 915

1 889 096

1 766 040

2 456 697

2 456 697

2.2. Мақсат. Сот актілерін орындау тиімділігін арттыру

2.4. Мақсат. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және қорғауға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету

Стратегиялық жоспардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, қаржы ресурстары

001 "Мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету"

мың теңге

12 699 372

13 646 742

12 782 747

11 688 397

11 979 686

Адамдар


3 951

3 577

2 694

2 592

2 594


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады