"2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 19 А.Тоқмағанбетов ауылдық округіндегі көшеге атау беру туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы АсқарТоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 9 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" N 213 Заңына және Сырдария аудандық прокуратурасының заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы 2014 жылғы12 қарашадағы №2-1007-14-02547 санды ұсынысына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Асқар Тоқмағанбетов ауылдық округі әкімінің "2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 19 А.Тоқмағанбетов ауылдық округіндегі көшеге атау беру туралы" шешімі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" N 213 Заңының 36 бабының 5 тармағының талаптары бұзыла отырып қабылданғандықтан күші жойылсын.
      2. Осы шешімнің қайта рәсімделіп, әділет органдарына тіркету мен орындалуына бақылау жасау ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы К.Жусуповқа жүктелсін.
      Ауылдық округінің әкімі: Ғ.АЛДАНАЗАРОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады