"Ақтау қаласы 14 шағынауданындағы облыстық әкімдік ғимаратынан бастап "Ақтау-Бейнеу" тас жолына дейінгі аралықтағы жолды "Тәуелсіздік даңғылы" деп атау туралы" 2010 жылғы 30 қарашадағы қала әкімдігінің № 1147 және қалалық мәслихаттың № 37/334 бірлескен қаулысы мен шешімін жою туралы

Күшін жойған

Ақтау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 1292 қаулысы және Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 24/222 шешімі. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 409 қаулысымен және Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 38/384 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 11.03.2016 № 409 қаулысымен және Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 11.03.2016 № 38/384 шешімімен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 4-1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабының 5 тармағына, Ақтау қаласы прокуратурасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 2-110107-14-03921 наразылығына және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 02-17-1446 ұсынысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Ақтау қаласы 14 шағынауданындағы облыстық әкімдік ғимаратынан бастап "Ақтау-Бейнеу" тас жолына дейінгі аралықтағы жолды "Тәуелсіздік даңғылы" деп атау туралы" 2010 жылғы 30 қарашадағы қала әкімдігінің № 1147 және қалалық мәслихаттың № 37/334 бірлескен қаулысы мен шешімі жойылсын.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы М.Сауғабаев
      Қала әкімі Е.Жаңбыршин
      Мәслихат хатшысы М.Молдағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады