Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 14188 "Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 8853 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43-1-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексінің 467-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 177-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 14188 "Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-1-173 тіркелген, 2011 жылғы 29 желтоқсанда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған).
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңгерлік бөлімі апта мерзімінде әділет органына осы қаулының көшірмесін қоса ұсынумен әкімдіктің қаулысының күші жойылғандығы туралы хабарласын.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімі, "Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі апта мерзімінде ресми баспа басылымдарында осы қаулының жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы С.Ж. Жүніспековаға жүктелсін.
      5. Осы қаулы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
      Өскемен қаласының
      әкімі Т. Қасымжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады