"Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарында құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 226 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 185 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдарында құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 226 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2340 болып тіркелген, 2014 жылдың 1 қарашасында № 151 (18008) "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Облыс әкімі аппаратының құжаттама және бақылау бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны жөнінде әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р. Рахманбердиевке жүктелсін.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады