"Жамбыл облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы №16-4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 41-5 шешімі

       РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-2 тармағына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 05 шілдедегі Кодексіне сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты шешім ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Жамбыл облысының су объектілерінде ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы №16-4 шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2016 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 қазанында "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1 тармағында көрсетілген нормативтік-құқықтық актінің күші жойылды деп танылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      О. Телеуов Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады