Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі № 11/11 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 31/09 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" № 964 Қаулысының 12 тармағына сәйкес Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шет ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 сәуірдегі № 11/11 "Шет ауданының жергілікті атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3200 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамыздағы № 32 (10 548) "Шет шұғыласы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Ә.Е. Тілегеноваға жүктелсін.
      Шет ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
Б. Төлеуқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады