Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 895 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (М.Н. Иғалиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықты орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдін
      міндетін атқарушы                                   С. Сарсенов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттік қызмет істері және
      сыбайлас жемқорлыққа
      қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
      ___________ Қ. Қожамжаров
      2015 жылғы 13 қазан

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрдің
міндетін атқарушы        
2015 жылғы 1 қыркүйек № 895  
бұйрығына қосымша        

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлігінің және Қазақстан Республикасы Көлік және
коммуникация министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі

      1) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 1011 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9072 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 20 наурызда жарияланған);
      2) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 114 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9265 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 7 сәуірде жарияланған);
      3) «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің және оның аумақтық органдарының «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 57 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9245 болып тіркелген, 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 67 (27688) «Казахстанская правда», 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 67 (28291) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған));
      4) «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің және оның аумақтық органдарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 71 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9288 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 9 сәуірде, жарияланған);
      5) «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 86 бұйрығы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9287 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 7 сәуірде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады