"Арал ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 119-қ қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 262-қ қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңын басшылыққа ала отырып, Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Арал ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 119-қ қаулысының (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 17 маусымында № 5014 нөмірімен тіркелген, аудандық "Толқын" газетінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 48 (10096) және 2015 жылғы 1 шілдедегі № 49 (10097) сандарында ресми жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Өтешов Рүстем Баймырзаұлына жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      АУДАН ӘКІМІ А. МҰХИМОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады