Байланыс формасы

Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 10 бұйрығы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру департаменті:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                           Т. Донақов

Қазақстан Республикасы        
Мемлекеттік қызмет істері министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы     
№ 10 бұйрығымен          
бекітілген            

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің күші жойылды
деп танылған бұйрықтардың тізімі

      1) «Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 5 ақпандағы № 02-01-02/15 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3449 болып тіркелген);
      2) «Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8381 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 98 (28037) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      3) «Мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2013 жылғы 4 сәуірдегі № 06-7/47 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8413 болып тіркелген, 2013 жылғы 19 маусымдағы № 151 (28090) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
      4) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 22 қаңтардағы №04-2-4/7 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 9112 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 05.02.2014 ж. № 24 (28248); Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 03.03.2014 ж. жарияланған);
      5) «А» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 30 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9993 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған);
      6) «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10130 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады