Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 270 "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 99 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 22-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қазандағы № 270 "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5152 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 желтоқсанда "Наше время" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Тіркеуші органға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімде қаулының жойылғаны туралы хабарлансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары Е.Н. Поделоға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Е. Жаманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады