Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы" № 23 қаулысының күшін жою туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 340 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 23 "Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3790 тіркелген, 2015 жылғы 5 ақпандағы № 6 (7073) "Жайық таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауын аудан әкімінің орынбасары Т. Шиниязовқа жүктелсін.
      Аудан әкімі Ә. Жоламанов

О признании утратившим силу постановления районного акимата от 15 января 2015 года № 23 "Правил расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)"

Постановление акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 16 июля 2015 года № 340

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      Руководствуясь Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и соответствии с приказом Министерства Национальной экономики от 17 марта 2015 года "Об утверждении Правил передачи государственного имущества в имущественный наем (аренду)" № 212 акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Признать утратившим силу постановление акимата района от 15 января 2015 года № 23 "Правил расчета ставки арендной платы при передаче районного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)" (Нормативно-правовой акт зарегистрирован в реестре государственной регистрации № 3790, опубликованное в газете "Жайық таңы" №6 (7073) от 5 февраля 2015 года).
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Т. Шиниязова.
      Аким района А. Жоламанов