"Жергілікті бюджеттен қаржыланатын "Астана қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі мен Астана қаласының атқарушы органдары басшылары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 04-877 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 06 сәуірдегі № 04-666 қаулысы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-1-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 37-бабының 8-тармағына және «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Жергілікті бюджеттен қаржыланатын «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен Астана қаласының атқарушы органдары басшылары «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 04-877 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 917 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдедегі № 71 (3276) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 2 шілдедегі № 71 (3294) «Вечерняя Астана» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Астана қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы О.А. Бектеновке жүктелсін.

      Әкім                                             Ә. Жақсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады