Ақкөл ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № А-6/159 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақкөл ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" 2014 жылғы 12 қарашадағы № А-11/458 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4505 тіркелген, 2015 жылғы 2 қаңтарда аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған);
      "Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № А-11/458 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қазандағы № А-10/354 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5103 тіркелген, 2015 жылғы 11 желтоқсанда аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т.Едігенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады