Аршалы ауданы әкімдігінің күші жойылған қаулыларын тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қаңтардағы № А-04 қаулысы

      1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына, 2011 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 964 қаулысымен бекітілген, нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингін өткізу Ережелеріне сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сай, Аршалы ауданы әкімдігі қаулыларының күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Ә.Қ.Балташевқа жүктелсін.

      Аршалы ауданының әкімі                     Ж.Нұркенов

Аршалы аудан әкімдігінің
2016 жылғы 05 қаңтардағы
№ А-04 қаулысына қосымша

Аршалы ауданы әкімдігінің күшін жойылған қаулыларының тізбесі:

      1. Аршалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № А-491 «Аршалы ауданы бойынша 2015 жылға қоғамдық жұмыстарға сұранысты және ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерін және олардың қаржыландыру көздерін бекіту туралы» Ақмола облысы әділет Департаментінде 2015 жылы 13.01. 4582 нөмірмен тіркелген қаулысы. Аудандық «Вперед» газетінде 2015 жылғы 24.01. 6 нөмірінде, «Аршалы айнасы» газетінде 2015 жылғы 23.01. 4 нөмірлерінде жарияланған.
      2. Аршалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № А-102 «2015 жылға Аршалы ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесін белгілеу туралы» Ақмола облысы әділет Департаментінде 2015 жылы 20.03 4706 нөмірмен тіркелген қаулысы. Аудандық «Вперед» газетінде 2015 жылғы 03.04 24 нөмірінде, «Аршалы айнасы» газетінде 2015 жылғы 03.04 14 нөмірлерінде жарияланған.
      3. Аршалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № А-103 «Аршалы ауданы бойынша 2015 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Ақмола облысы әділет Департаментінде 2015 жылы 30.03. 4714 нөмірмен тіркелген қаулысы. Аудандық «Вперед» газетінде 2015 жылғы 09.04. 26 нөмірінде, «Аршалы айнасы» газетінде 2015 жылғы 07-09.04 15-16 нөмірлерінде жарияланған.
      4. Аршалы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № А-276 «Аршалы ауданы бойынша 2015 жылы субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы» Ақмола облысы әділет Департаментінде 2015 жылы 29.07. 4912 нөмірмен тіркелген қаулысы. Аудандық «Вперед» газетінде 2015 жылғы 11.08. 62 нөмірінде, «Аршалы айнасы» газетінде 2015 жылғы 11-13.08 34 нөмірлерінде жарияланған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады