Атбасар ауданы мәслихатының кейбір шешімдері күшін жойды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 5С 36/3 шешімі

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 «Мемлекеттік қызметтін өтуінің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Келесі Атбасар аудандық мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Атбасар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 5С 31/7 «Атбасар ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесін жоғарлату туралы» шешімі (№ 4700 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік Тіркеу тізімінде тіркелген, 2015 жылдың 3 сәуірде «Атбасар» және «Простор» аудандық газеттерінде жарияланған);
      2) Атбасар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 11 қарашасындағы № 5С 34/8 «Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешімі (№ 5090 нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік Тіркеу тізімінде тіркелген, 2015 жылдың 18 желтоқсанда «Атбасар» және «Простор» аудандық газеттерінде жарияланған).
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне еніп және қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Борұмбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады