"Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № а-11/305 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № а-0/03 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № а-11/305 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5134 тіркелген, 2015 жылдың 28 желтоқсанында "Жақсы жаршысы" газетінде жарияланған) қаулысының күші 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкімінің орынбасары Л.Ш. Сейдахметоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ.Сүйіндіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады