Жақсы аудандық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 5ВС-46-5 шешімі

      2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін өткізу ережесін бекіту туралы» Үкімет қаулысына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жақсы аудандық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Жақсы аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы                            Б.Жанәділов

      Жақсы аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Б.Жанәділов

Жақсы аудандық мәслихатының
2016 жылғы 15.01 № 5ВС-46-5
шешімімен БЕКІТІЛГЕН  

Жақсы аудандық мәслихатының кейбір нормативтік құқықтық актілердің төмендегі тізімі күші жойылды деп танылсын

      1. Жақсы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 5ВС-35-5 «Жақсы ауданы Жақсы ауылының ауылдық елді мекендерінің жерлеріне және қосалқы үй шаруашылығын жүргізу үшін жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіптік жерлеріне жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату (төмендету) туралы», (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4710 тіркелген 2015 жылы 06 сәуірде «Жақсы жаршысы» газетінде жарияланған).
      2. Жақсы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 5ВС-35-6 «Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесін жоғарылату туралы», (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4709, 2015 жылы 06 сәуірде «Жақсы жаршысы» газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады