Аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 79 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" № 148 Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" № 480 Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ырғыз ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы А.ШАХИН

  Аудан әкімдігінің 2016 жылғы
  25 сәуірдегі № 79 қаулысына
  қосымша

Аудан әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының ТІЗБЕСІ

      1. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 17 қазандағы № 211 "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 08 қарашада № 3428 ретпен тіркелген).
      2. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 81 "Ырғыз ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 10 шілдеде № 4430 ретпен тіркелген).
      3. Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 27 "2016 жылға Ырғыз ауданы бойынша ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемін және нақты жағдайларын бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 4 наурызда № 4763 ретпен тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады