Хромтау ауданының әкімінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 2 "Хромтау ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 10 шешімі

      Хромтау аумағында жағдайдың тұрақтануына байланысты Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" заңдарын басшылыққа алып Хромтау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Хромтау ауданы әкімінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 2 "Хромтау ауданы аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Ақтөбе облысы әділет департаменті нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне 2016 жылғы 17 наурызда № 4795 нөмірімен тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің көшірмелері мүдделі органдарға жолдансын.
      Аудан әкімі А. Усмангалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады