Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 7 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Хромтау ауданының мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 9 тамыздағы № 15-4/451 ұсынысы негізінде Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округінде орналасқан "Ерұлан" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малы арасында құтыру ауруының ошағына ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізілуіне байланысты, шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
      2. Хромтау ауданы Аққұдық ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 5 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4955 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 маусымында "Хромтау" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аққұдық ауылдық округінің әкімі: О.Қ.Өтегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады