Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 809 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің келесі бұйрықтарының:
      1) "Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасының министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 321 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 7231 тіркелген, 2011 жылы 2 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);
      2) "Өткен тоқсандағы Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының қабылданған бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың, Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің қаулыларының және әкімдердің шешімдерінің тізбесін әділет органдарына ұсыну және оларды зерделеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 321 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 16 шілдедегі № 398 (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11703 тіркелген, 2015 жылы 10 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қол қойылған күнінен бастап бір аптаның ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау дереккөздеріне және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                         М. Бекетаев

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра юстиции Республики Казахстан

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2016 года № 809

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года «О правовых актах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Признать утратившими силу следующие приказы Министра юстиции Республики Казахстан:
      1) «Об утверждении Правил предоставления в органы юстиции перечней принятых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, их ведомств, постановлений центральных государственных органов, Центральной избирательной комиссии, решений маслихатов, а также постановлений акиматов и решений акимов за прошедший квартал и их изучения» от 26 сентября 2011 года № 321 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7231, опубликованный 2 ноября 2011 года в газете «Казахстанская правда»);
      2) "О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 26 сентября 2011 года № 321 "Об утверждении Правил предоставления в органы юстиции перечней принятых приказов министров Республики Казахстан и иных руководителей центральных государственных органов, постановлений центральных государственных органов, Центральной избирательной комиссии, решений маслихатов, а также постановлений акиматов и решений акимов за прошедший квартал и их изучения" от 16 июля 2015 года № 398 (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11703, опубликованный 10 сентября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").
      2. Департаменту регистрации нормативных правовых актов Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) в недельный срок со дня его подписания направление копии настоящего приказа в источники официального опубликования и Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации» Министерства юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Министр юстиции
      Республики Казахстан                       М. Бекетаев