Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №84 қаулысының күші жойылған деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 270 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 ақпандағы "Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" №84 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 20 наурызында № 3107 тіркелген, 2015 жылы 14 сәуірде "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Алматы облысының экономика және бюджеттік басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.
      Алматы облысының әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады