Кербұлақ аудандық мәслихатының бірқатар нормативтік құқықтық актілерінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 05-34 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына сәйкес Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
      Кербұлақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы "Кербұлақ аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 27-165, (2014 жылдың 20 наурызында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2631 тіркелген, 2014 жылдың 4 сәуірінде аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің № 14 (3711) жарияланған)) шешімінің, Кербұлақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 мамырдағы "Кербұлақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы "Кербұлақ аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 27-165 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" № 30-184, (2014 жылдың 22 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2732 тіркелген, 2014 жылдың 30 мамырында аудандық "Кербұлақ жұлдызы" газетінің № 22 (3719) жарияланған)) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Сессия төрағасы М. Айнабеков
      Мәслихат хатшысы Б. Рысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады