Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 224 бұйрығы.

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 және 2016 жылғы 3 мамырдағы № 264 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (Ә. С. Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 11 мамырдағы
№ 224 бұйрығымен
бекітілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 12.07.2022 № 696 бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет), ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, аудиторлық қызмет, бухгалтерік есеп және қаржылық есептілік, бағалау қызметі салаларында басшылықты жүзеге асырады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, кодекстеріне, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауы қазақ тілінде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында есеп-шоттары бар.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      5. Комитет, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет заңнамада белгіленген тәртіпте өз құзыретінің мәселелері бойынша Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.

      9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау мәніне келісім-шарт қатынастарына түсуге тыйым салынады.

      Егер заңнамалық актілермен Комитетке кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің құқықтары мен міндеттері

      13. Міндеттері:

      1) мемлекеттік аудит объектісінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуін;

      2) қаржылық және басқарушылық ақпараттың сенімділігі мен анықтығын, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастырудың ішкі процестерінің тиімділігін, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын, мемлекет активтерінің сақталуын бағалау және тексеру;

      3) аудиторлық және бағалау қызметі саласындағы талдау, бағалау және тексеру.

      14. Құқықтары мен міндеттемелері:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтарды әзірлеу және қабылдау;

      2) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, аудиторлық және бағалау қызмет, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер жобаларын қарау;

      3) құпиялық, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпиялар құпиялылығы режимінің сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудитті жүзеге асыру мәселелеріне жататын құжаттамамен кедергісіз танысу;

      4) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

      5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарымен, құқық қорғау органдарымен өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      6) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілеріне мәліметтерді және қажетті материалдарды ұсыну туралы талаптарды жіберу;

      7) құпия іс жүргізу және мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      Міндеттемелері:

      1) мемлекеттік аудит объектілерінің заңды құқықтарын сақтау;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау;

      3) қызметтік құпияны және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын өзге де құпияны сақтау;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;

      5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті орналастыруға, сондай-ақ келісілген мерзімдерде мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері туралы олар бекітілгенге дейін ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      6) жүргізілген мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылау және қабылданған шаралар бойынша есептер мен ақпаратты қарау;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептіліктің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайын аудит жүргізеді;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне, оның ішінде шоғырландырылған қаржылық есептілікке жыл сайынғы аудит жүргізуге қатысу үшін орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астана әкімінің келісімі бойынша ішкі аудит қызметін тартады;

      3) мыналардың:

      бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесін, қаржылық-экономикалық негіздемесін және сметалық құнын түзетуге байланысты шығыстардың;

      республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану, оның ішінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет кепілгерлігімен және кепілдігімен тартылатын қарыздарды алу шарттарын сақтау, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары бойынша мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану депутаттық сауалдар бойынша, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша;

      мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру, бюджеттік кредиттер беру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің орындалуын қаржыландыру, сондай-ақ оларды пайдалану мақсаттары үшін объектілерді беру шарттары мен рәсімдерін сақтау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерін сақтау; Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда, мемлекеттік қарыздарды беру, пайдалану шарттары мен рәсімдерінің сақталуына;

      тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік мүлік, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік, аудиторлық және бағалау қызмет туралы заңнамаларының сақталуына сәйкестік аудитін жүзеге асырады;

      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды, оның ішінде камералдық бақылауды жүзеге асырады, қажет болған жағдайда "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңында және камералдық бақылау жүргізу қағидаларында айқындалған, мемлекеттік сатып алуға қатысушылар ұсынған есептік деректердің, материалдар мен ақпараттың анықтығын тексереді;

      5) қаржылық есептілік бекітілгенге дейін жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп береді;

      6) Камералдық бақылау қағидаларының 32-тармағы шеңберінде камералдық бақылау сапасын бақылауды және шағым жіберілген кезде шағымдарды қарау сапасын бақылауды жүзеге асырады;

      7) мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұрады;

      8) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесіне кіретін ішкі аудит қызметтерінің жұмысын үйлестіру мақсатында:

      ішкі аудит қызметтеріне әдіснамалық және консультациялық көмек ұсынуды қамтамасыз етеді;

      ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережені әзірлеуге қатысады;

      жүргізілген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша ішкі аудит қызметтерінің есепті ақпаратына талдау жүргізеді;

      ішкі аудит қызметтері жұмысының тиімділігіне бағалау жүргізеді;

      мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу үшін тәуекелдерді басқару жүйесі ұсынған тәуекелі бар объектілер бойынша ішкі аудит қызметтеріне ақпарат жібереді;

      ішкі аудит қызметтерінің жұмысы туралы жыл сайынғы есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;

      ішкі аудит қызметтерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      мемлекеттік органдардың басшыларына ішкі аудит қызметтері басшыларының, мемлекеттік аудиторларының жауаптылығын қарау туралы ұсыныстар енгізеді;

      9) Есеп комитетімен келісу бойынша ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі уәкілетті органдардың, соның ішінде басқа мемлекеттік органдармен немесе ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты үйлестіру үшін құқықтық актілерді қабылдайды.

      10) мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау қағидаларына сәйкес, ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларға кандидаттардың білімін растау жөніндегі қызметті ұйымдастырады;

      11) ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын мемлекеттік аудиторларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;

      12) электрондық ішкі мемлекеттік аудит қағидаларын әзірлеуге қатысады;

      13) ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысады;

      14) камералдық бақылау жүргізу қағидаларын әзірлеуге қатысады;

      15) тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру және ішкі мемлекеттік аудит жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгілік жүйесін әзірлеуге қатысады;

      16) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органының және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қарсы шағымдарды қарайды;

      17) тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің тиісті қағидаларында айқындалған тәртіппен мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік аудиторлар және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де лауазымды адамдары өз қызметі барысында жасайтын құжаттарға тұрақты тексерулер және (немесе) талдау жүргізу арқылы сапаны бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

      18) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын қамтамасыз етуді ескере отырып, камералдық бақылау нәтижелерін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді;

      19) бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру және нұсқамаларды орындау мақсатында;

      міндеттемелері тиісті түрде орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы сотқа талап арыз береді;

      20) мемлекеттік аудит объектісінің лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға береді;

      21) аудиторлық қорытындыда берілген ұсынымдар мен міндетті орындау үшін жіберілген нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асырады;

      22) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқамалар шығарады;

      23) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамаға сәйкес жоспардан тыс аудитті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын тексеруді жүзеге асырады;

      24) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күшін жою не күшін жоюдан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      25) мемлекеттік сатып алуды жүзеге қағидаларына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысушылардан қажетті ақпаратты және материалдарды сұратады;

      26) сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың мамандарын тартады;

      27) хаттамалар жасайды, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жазаға тартады;

      28) бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігін және олардың орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының мақсаттарымен өзара байланысын, бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың Азаматтық бюджеті жарияланымдарының сапасы мен мазмұнын бағалауды, жергілікті атқарушы органдардың бюджеттеудің (халық қатысатын бюджеттің) жаңа практикаларын пайдалануды бағалауды, сондай-ақ орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі есептік деректерін қайта тексеруді жүргізеді;

      29) аудиторлық және бағалау қызметі саласында мемлекеттік бақылау мен аудитті жүзеге асырады;

      30) аудиторлардың, аудиторлардың аккредиттелген кәсіби ұйымдарының, аудиторлық ұйымдардың, өзін-өзі реттейтін бағалаушылар ұйымдарының, жосықсыз бағалаушылардың тізілімін жүргізеді;

      31) аудиторлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

      32) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы мәліметтерді, бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарының және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдардың тізбесін интернет-ресурстарда мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;

      33) аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      34) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында және кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      35) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және аудиторлардың кәсіби ұйымдарын, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізеді;

      36) аккредиттеу ережелерін сақтамау фактілері болған жағдайда аудиторлардың кәсіби ұйымдарына, бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарына, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарға ескерту шығарады;

      37) бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын, кәсіби аудиторлық ұйымдарды, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктен айыру туралы шешім қабылдайды;

      38) бағалаушылар палаталарының қызметі туралы ақпарат сұратады;

      39) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша бағалаушылар палатасын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап-арыз береді;

      40) Комитеттің орталық аппаратының ішкі мемлекеттік аудит материалдарының бірінші деңгейдегі сапасын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкестігіне бақылауды жүргізу;

      41) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің ішкі мемлекеттік аудит материалдарының екінші деңгейдегі сапасын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкестігіне бақылау жүргізу;

      42) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

      43) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты әзірлеу және ұйымдастыру;

      44) құзыреті шегінде экономика саласындағы жағымсыз процестердің алдын алу және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну;

      45) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

      46) гендерлік саясатты іске асыруға қатысу;

      47) әкімшінің уәкілетті органмен және өзге де тұлғалармен өз құзыреті шегінде электрондық тәсілмен өзара іс-қимылын жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      48) құзыреті шегінде тиісті салада (салада) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;

      49) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу және олар бойынша қорытынды ұсыну;

      50) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.

      17. Комитеттің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитеттің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Комитет басшысының өкілеттігі:

      1) өзінің орынбасарларының, Комитеттің аумақтық органдары және құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      2) заңнамаға сәйкес Комитет қызметкерлерін және Комитеттің аумақтық органдарының басшылары мен орынбасарларын және ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын Комитеттің аумақтық органдары қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитеттің қызметкерлеріне, Комитеттің аумақтық органдары басшыларының орынбасарларына және ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын Комитеттің аумақтық органдары қызметкерлеріне қатысты тәртіптік жауапкершілік шараларын қабылдайды;

      4) заңнамада белгіленген тәртіпте Комитет қызметкерлерін, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын іссапарға жіберу, демалыс беру, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру; көтермелеу, материалдық көмек көрсету, үстемақылар және сыйақылар төлеу мәселелерін шешеді;

      5) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және оның аумақтық органдары туралы ережелерді бекітеді;

      6) Комитеттің штат саны лимитінің шегінде Комитеттің және оның аумақтық органдарының штат санын бекітеді;

      7) өз құзыреті шегінде Комитеттің құқықтық актілеріне қол қояды;

      8) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапкершілікте болады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Комитеттің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      21. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      22. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бола алады. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өзінің қызметі нәтижесінде сатып алынған (ақша кірістерін қоса) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден алынған мүлкі есебінен құралады.

      23. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      24. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және егер заңнамада өзгесі белгіленбеген болса, оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Комитеттің қарамағына жататын аумақтық бөлімшелердің тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      13. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      14. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      15. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      17. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Шымкент қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      18. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      19. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Абай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

      20. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Ішкі мемлекеттік аудит комитетiнiң Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады