"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 565 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 430 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 565 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11353 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) бір апта мерзімінде осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                            Ә. Исекешев

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика
министрі
_______________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 31 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады