"Геология және жер қойнауын барлау ұйымдарының басшылары және мамандарының лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 179 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 478 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Геология және жер қойнауын барлау ұйымдарының басшылары және мамандарының лауазымдарына үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 179 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 59993 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 31 тамыздағы № 276-277 (26697-26698) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ. Нұрабаев):
      1) осы бұйрықтың көшірмесін бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі                   Ә. Исекешев

«КЕЛІСІЛГЕН»:
Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау және әлеуметтік даму министрі
______________________ Т. Дүйсенова
2016 жылғы 17 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады