"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасының 2016 жылғы 02 ақпандағы № 3-нқ нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 19-НҚ нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 20.12.2016 № 19-НҚ  (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 17-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 тіркелген) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі - Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Есеп комитетінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 24-НҚ («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»;
      2) кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 17-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12639 тіркелген) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі -Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      3) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.»;
      4) көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарында:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары».
      2. Заң бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы нормативтік қаулының мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      2) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.
      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
      атқарылуын бақылау жөніндегі
      есеп комитетінің Төрағасы                    Қ. Жаңбыршин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады