Байланыс формасы

Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 32/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Қарағанды облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 шілдедегі № 38/02 "Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 02/02 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2957 болып тіркелген);
      2) Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 25/11 "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 02 наурыздағы № 09/06 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3076 болып тіркелген).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік жасайтын облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      Қарағанды облысының
әкімі
Н. Әбдібеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады