Абай ауданы әкімінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 21/13 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықтың жұмыспен қамтуы туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаулысының күші жойылды деп танылсын Абай ауданы әкімдігінің осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Берілген қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      Абай ауданының әкімі С. Шайдаров

  Абай ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша
№ 21/13, 2016 ж 03.06.

Абай ауданы әкімінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

      1. Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 02 мамырдағы № 13/09 "Интернаттық ұйымдардың түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, қылмыстық-атқарушы инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрғандар үшін жұмыс орындарына квотаны белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-9-133 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2012 жылғы 19 мамырындағы № 19 санында жарияланған);
      2. Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 33/15 "Абай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 мамырдағы № 13/09 "Интернаттық ұйымдардың түлектері және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квотаны белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2017 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2013 жылғы 12 қаңтардағы № 2 санында жарияланған);
      3. Абай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 12/01 "Мүгедектерді жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарына квота орнату туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-9-43 болып тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2008 жылғы 01 тамыздағы № 31 санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады