Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы № 23/03 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылдың 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 44 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б. Әмірғасымға жүктелсін.
      Аудан әкімі С.М. Әбеуова

  Аудан әкімдігінің
2016 жылғы 03 маусымдағы
№ 23/03 қаулысына қосымша

Ақтоғай ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Ақтоғай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 12/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3160 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 20 (7494) "Тоқырауын тынысы" аудандық газетінде, 2015 жылғы 09 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      2. "Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 09/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3140 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 17-18 (7491-7492) "Тоқырауын тынысы" аудандық газетінде, 2015 жылғы 09 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      3. "Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 09/05 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3139 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 17-18 (7491-7492) "Тоқырауын тынысы" аудандық газетінде, 2015 жылғы 09 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      4. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 09/04 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3138 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 17-18 (7491-7492) "Тоқырауын тынысы" аудандық газетінде, 2015 жылғы 09 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      5. "Ақтоғай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 09/02 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3115 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 17-18 (7491-7492) "Тоқырауын тынысы" аудандық газетінде, 2015 жылғы 08 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      6. "Ақтоғай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 09/03 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3114 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 17-18 (7491-7492) "Тоқырауын тынысы" аудандық газетінде, 2015 жылғы 08 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
      7. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" аудан әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 17/01 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2750 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 40 (7460) "Тоқырауын тынысы" аудандық газетінде, 2014 жылғы 19 қараша "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады