Маңғыстау аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 10 ақпандағы № 11/137 "Ойын бизнесі түрлерінен алынатын базалық салық ставкаларының мөлшері туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Маңғыстау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 2/20 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына, сонымен қатар Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 10-11-489 ақпараттық хатының негізінде, Маңғыстау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Маңғыстау аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 10 ақпандағы № 11/137 "Ойын бизнесі түрлерінен алынатын салық ставкаларының мөлшері туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылы 12 наурызда № 11-5-71 болып тіркелген, аудандық "Жаңа өмір" газетінің 2009 жылғы 08 сәуірдегі № 18 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2."Маңғыстау аудандық Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы (Е.Қалиев) осы шешімді бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А.Ордабаева
      Аудандық Мәслихаттың хатшысы А.Сарбалаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады