Арқалық қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 157 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Арқалық қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Ғ. Бекмұхамедов

  Арқалық қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 23 мамырдағы
№ 157 қаулысына қосымша

Арқалық қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылған тізбесі

      1. Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 41 "Арқалық қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5381 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 наурызда "Арқалық хабары" газетінде жарияланған).
      2. Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 105 "Арқалық қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5585 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырда "Торғай" газетінде жарияланған).
      3. Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 125 "Арқалық қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5592 болып тіркелген, 2015 жылғы12 маусымда"Арқалық хабары" газетінде жарияланған).
      4. Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 маусымдағы № 205 "Арқалық қаласы әкімдігің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5679 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдеде "Арқалық хабары" газетінде жарияланған).
      5. Арқалық қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 449 "Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6086 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 желтоқсанда "Арқалық хабары" газетінде жарияланған).
      6. Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 85 "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6243 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде қоғамдық-саяси және жарнама-ақпараттық "Сатып Алу Ақпарат" газетінде жарияланған).
      7. Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 145 "Арқалық қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 85 "Арқалық қаласы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады