Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 380 шешімі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 бекітілген қаулысымен нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1: Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мәслихат шешімдерінің күші жойылды ден танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрайымы                            Н. Өтеулина

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Леонов

Мәслихаттың     
2016 жылғы 19 қаңтардағы
№ 380 шешіміне қосымша 

Күші жойылды деп танылған мәслихат
шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 20 наурыздағы № 299 "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының, бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемесін он есеге жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5514  тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірдегі "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған);
      2. Мәслихаттың 2015 жылғы 29 мамырдағы № 315 "Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5666 тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған);
      3. Мәслихаттың 2015 жылғы 29 шілдедегі № 319 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгiлеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5807 тipкелген, 2015 жылғы 27 тамызда "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады