Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 12 мамырдағы № 24 шешімі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы №964 бекітілген қаулысымен нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мәслихат шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы Т. Жауғаштии
      Аудандық
      мәслихат хатшысы К. Базарбаева

  Мәслихаттың
2016 жылғы 12 мамырдағы
№ 24 шешіміне қосымша

Kүші жойылды деп танылған мәслихат шешімдерінің Tізбеci

      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 126 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4367 тіркелген, жылғы 27 желтоқсандағы "Сарыкөл" газетінде жарияланған);
      2. Мәслихаттың 2014 жылғы 30 мамырдағы № 171 "Мәслихаттың 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 126 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4876 тіркелген, жылғы 3 шілдеде "Сарыкөл" газетінде жарияланған);
      3. Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 215 "Мәслихаттың 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 126 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5260 тіркелген, 2015 жылғы 8 қаңтарда "Сарыкөл" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады