Мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 тамыздағы № 52 шешімі

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидаларына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Н. Пужанский
      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов

  Мәслихаттың
2016 жылғы 1 тамыздағы
№ 52 шешіміне қосымша

Федоров аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 3 қазандағы № 161 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4282 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 қарашада "Федоровские новости" газетінде жарияланған);
      2. Мәслихаттың 2014 жылғы 5 мамырдағы № 242 "Мәслихаттың 2013 жылғы 3 қазандағы № 161 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4750 болып тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымда "Федоровские новости" газетінде жарияланған);
      3. Мәслихаттың 2014 жылғы 27 қарашадағы № 277 "Мәслихаттың 2013 жылғы 3 қазандағы № 161 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5246 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады