"Инновациялық қызмет бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 339 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 1 шілдедегі № 135 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Инновациялық қызмет бойынша жалпымемлекеттік статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 339 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8239 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №214 (28153) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған күші жойылды деп танылсын.
      2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінін
      төрағасы                                     Н. Айдапкелов

       "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      ____________ Ж. Қасымбек
      2016 жылғы 20 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады