"Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 284/7 қаулысы. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 99/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 13.04.2022 № 99/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 21/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4324 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 мамырда "Звезда Прииртышья" және "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының көшірмесін бір апта мерзімде аумақтық әділет органына жіберілуін;

      осы қаулының мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

      осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      өзге де қажетті шараларды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновқа жүктелсiн.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады