Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 27/05 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" № 964 қаулысына сәйкес Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім аудандық баспасөз бетінде жариялансын.
      Сессия төрағасы Б. Жанахметов
      Аудандық мәслихатының хатшысы Т. Қасен

  Аудандық мәслихатының
(VІ сайланған кезектен тыс
V сессия) 2016 жылғы
20 шілдедегі № 27/05 шешіміне
қосымша

Баянауыл аудандық мәслихатының кейбір
шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

      1. Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 165/32 шешімі, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 05 мамырда № 3789 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы № 21 "Баянтау" аудандық газетінде жарияланған);
      2. Баянауыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 қазандағы "Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезектен тыс ХХХІІ сессиясы) 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 165/32 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 214/39 шешімі, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 10 қарашада № 4147 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашадағы № 48 "Баянтау" аудандық газетінде жарияланған);
      3. Баянауыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 сәуірдегі "Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезектен тыс ХХХІІ сессиясы) 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 165/32 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" № 263/45 шешімі, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 27 мамырда № 4495 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 маусымдағы № 25 "Баянтау" аудандық газетінде жарияланған);
      4. Баянауыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 03 шілдедегі "Баянауыл аудандық мәслихатының (V сайланған кезектен тыс ХХХІІ сессиясы) 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 165/32 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Баянауыл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" № 280/46 шешімі, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 08 шілдеде № 4579 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдедегі № 31 "Баянтау" аудандық газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады