Алматы қаласы әкімдігінің "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 25 ақпандағы № 1/59 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 2/214 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 25 ақпандағы № 1/59 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1267 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 наурызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. "Алматы қаласы Жолаушылар көлігі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апта мерзімде:
      1) Алматы қаласының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
      2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Р. Тауфиковке жүктелсін.
      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады