"Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 2/260 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) туралы Ереже бекітілсін.
      2. Басқарма осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды жүргізсін.
      3. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 2/116 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1280 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Алматы қаласының әкімі

Б. Байбек

   


Алматы қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 10 маусымдағы
№ 2/260 қаулысымен бекітілді

"Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында тілдерді дамыту және ономастика салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Алматы қаласы Тілдерді дамытубасқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметініңактілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы мәслихатының шешімдері мен әкімінің өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, жеке балансы, мемлекеттік тілдегі өзінің атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің егер қолданыстағы заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдер қабылдайды.
      7. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4
      9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение "Управление по развитию языков города Алматы".
      10. Осы Ереже "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және Алматы қаласының жергілікті бюджеті қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қолданыстағы заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 

2. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

      13. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңына сәйкес "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы анықталды – мемлекеттік тілдің басымдық жағдайымен және Алматы қаласында тұратын этностардың тілдерін дамыта отырып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру.
      14. "Алматы қаласы Тілдерді дамытубасқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының 25-125-2 баптарыменанықталды:
      1) Алматы қаласында тілдерді дамыту және ономастикасаласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      2) Алматы қаласында басқа тілдердің сақталуы мен дамуына жағдай жасау;
      3) Алматы қаласында тілдерді дамыту және ономастикасаласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуын бақылау;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      15. "Алматы қаласы Тілдерді дамытубасқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 75 бабымен, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының 25-125-2-баптарымен, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-2-бабымен, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Жарлығымен анықталды:
      1) Алматы қаласында тілдерді дамыту және ономастикасаласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі шараларды іске асыру;
      2) Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы ономастикалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
      3) Алматы қаласында мемлекеттік және өзге де тілдерді үйрену үшін жағдай жасау;
      4) Алматы қаласында орнатылатын сыртқы жарнамалар мен көрнекі ақпараттарды ресімдеуде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптарын қамтамасыз ету;
      5) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалау;
      6) мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
      7) гендерлік аспектілерді қарастыру;
      8) ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыру;
      9) ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарау, келісу және бекіту;
      10) ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;
      11) коммуналдық заңды тұлғаларды мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның келісімімен қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыру;
      12) өзіне оралымды басқаруға берілген коммуналдық меншікке иелік ету және пайдалану құқығын жүзеге асыру (билік етусіз);
      13) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктеген өзге де функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру;
      16. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі негізгі міндеттерін орындау және өзінің функцияларын жүзеге асыру мақсатында қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте төмендегідей құқықтарға ие:
      1) Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдарынан қажетті ақпарат сұрау және алу;
      2) Алматы қаласының мемлекеттік органдарының және өзге де ұйымдарының өкілдерін мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру және іс жүргізу мәселелері бойынша тыңдау;
      3) Орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және Алматы қаласының басқа да мемлекеттік органдары мен ұйымдарының Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
      4) Алматы қаласы кәсіпкерлік субъектілері қызметінің саласында деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      5) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіпте әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану.
      17. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мекемені құру мақсатына сай келмейтін қызметпен айналысуына құқығы жоқ.
 

3. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басқарма басшысы жүзеге асырады.
      19. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Алматы қаласының әкімі қызметкетағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттіктері:
      1) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      2) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін жеке жауапты болады;
      3) шарттар жасасады;
      4) сенімхаттар береді;
      5) банк шоттарын ашады;
      6)"Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
      7) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      8) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      9) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      10) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзінің басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктер аясын айқындайды;
      11) "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының тәртіптік заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза тағайындайды;
      12) қолданыстағызаңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
 

4. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің мүлкі

      21. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер қолданыстағы заңнамамен өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 

5. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінқайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады