Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 26 шілдедегі № 167 "Коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 101 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1143 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" қаулысына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 26 шілдедегі № 167 "Коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2122 болып тіркелген, 2004 жылы 5 қазанда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 47 "Атырау облыстық әкімиятының 2004 жылғы 26 шілдедегі № 167 "Коммуналдық меншіктегі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде мемлекеттің атынан акциялардың мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын жүзеге асырудың жекелеген мәселелері" қаулысының күші жойылды деп тану туралы" қаулысы жойылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Т.Әжіғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады